Ағылшын тілінен қалайсыз?
Осы ағылшын тілім дұрысталмай-ақ қойды. Бұрын мектеп қабырғасында бұдан оңай сабақ жоқ болатын. Ұят та болса мойындайын, бестік баға алып жүрсем де, пәнді меңгерген түгім жоқ екен. Әйтеуір, мұғалім берген тапсырмасын орындаумен ғана жүріптік те қойыптық. Қарапайым етістіктің төрт түрін шатастырып жүріп, Алматыдағы қайнаған қазанның ортасына түстік те кеттік. Осы қалаға келе салып, ағылшын тілінің маңызын ұға бастадым. Сіздерде де солай ма, ол жағын білмеймін. Алайда көбісінің жағдайы менікіндей. Бірінші курста бір жыл бойы сабақ өттік шуласып, расымен қиын-ақ болды. Әсіресе, емтихан кезі. Уақытша екен, сол қиындықтан ағылшынша сайрап кеткенім де шамалы. Бірақ бастапқы кірпішін Толқын апаймызбен бірге қаладық. Ал биыл мен төртінші курспын. Алдағы болашағым осы тілге тікелей қатысты екенін санаммен ұғып, ақылым жетіп тұрса да, тіл оқуым әлі де төменгі деңгейде. Бірақ әлі де болса меңгеру үшін күресіп келемін. Өйткені менің мамандығымның өзі тілге кікелей қатысты. Бұрындары ағылшын курсына бару үшін қаржы жетпесе, ал енді қаржы бар да, уақыт жоқ. Ех, десеңші… Осылай-ақ қартайып кетем бе деп қорқам… Қысқасы, «Айтаберліктер» сіз бен біз боп осы тілді меңгеру бір айдар ашып, ағылшынша жазысып, пікір бөлісіп тұрайық деген ұсыныс тастағым келеді. Қалай қарайсыздар? Ой бөлісіңізер.
11 пікір
Жеке өзім интернет арқылы америкадағы, араб әмірліктерінегі бірқатар достарыммен тілдесу арқылы біраз жақсартып алдым. Және ең бастысы, сөздік қорыңызды арттыру қажет, бұған тек қана жатпай тұрмай ағылшын тілді кітап пен блогтарды оқу арқылы қолжеткізуге болады.
Мүмкін қол босағанда, өзімнің тіл үйрену тәсіліммен жазба арқылы бөлісермін:)
Не дегенмен, ағылшын тілінсіз қазір аттап баса алмайсың, оқу білім қазір сол ағылшын тілінде, сондықтан, замандастарыңыздан қалып қоймаңыздар!