↑ Жоғары шығу
04 желтоқсан 2012

Оян қазақ

Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала да, алға бас,
Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!
Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,
Ер мінезбен өр рухқа болма жат.
Ортасына жалғыз орыс кіргенде
Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.
Атамыздан қалған асыл мұрамыз –
Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.
Азаттығы ұмытылған ұлт болып,
Қазақ тілі қоғамдарын құрамыз.
Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз,
Сұмдық сіңген сүйекке де –
Қараңыз!
Тойланады мерекеміз жат жұртша,
Ойланады өзге тілде баламыз.
Құранды да, Құдайды да сүймейміз.
Сұлу көрсек оңашаға сүйрейміз.
Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз,
Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз.
Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз,
Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз.
«Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз,
Бірақ оның не екенін білмейміз.
Дүниенің пайдасына пысықпыз.
Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.
Бауырларға арыстанбыз, барыспыз,
Басқаларға бас игенде – мысықпыз.
Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз,
Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз.
«Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп,
Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз.
Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып,
Селтеңдейміз әуейі боп ән салып.
Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде,
Өлгендерге әуреміз там салып.

«Қаным таза, жаным таза» дегенмен,
Көш соңында қалып қойдық неге
елден?
Мойындаған күллі адамзат неміз бар?
Не шығардық ел ынтыққан, еленген?
Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп,
Ғарышты да игеруде бұрын кеп.
Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде
Белесебет жасай алар білім жоқ.
Шіренгенде үзеңгіні үземіз.
Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз.
Оралманға одырая қараймыз,
Келімсектен дірілдейді тіземіз.
Ертегіге есігін кең ашқаның,
Ертеңіне қатырмайды бастарын.
Қонағы би жаман үйдің тұрғыны,
Шеттерінен шел басқан көз, мес қарын.

Қамқор Алла сақтамаса біздерді,
Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ.
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ!…
АЙТПАҚШЫ ӨЛЕН аптыры Серік Сапиев емес Қалиев
?

Пікірлер:26

avatar
  • Talap
  • 04 желтоқсан 2012, 11:52
  • 0
Неге үндемейміз???
avatar
  • Jako
  • 04 желтоқсан 2012, 13:14
  • 0
<code>Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде,
Өлгендерге әуреміз там салып.</code>
Әруақ силаған халықпыз ғой.
<code>Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде
Белесебет жасай алар білім жоқ.</code>
Белесебет жасамады демесең, кеме де, тік ұшақ та жасап жатырмыз.
<code>Шіренгенде үзеңгіні үземіз.
Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз.
Оралманға одырая қараймыз,
Келімсектен дірілдейді тіземіз.</code>
Осы жеріне ғана келісуге болар, жалпы өлеңді қазақ халқына қаны қарайған біреу жазғандай.Жаны ашығандай кейіппен, халқымызды, елімізді бейшара кейіпте көрсету мақсаты болғандай.Негізі өлең экстремистік көзқараста деп бағалауға болар.Бұл өлең мағанасы туралы ойым.
Ал өлең құрылымы жағына келсем, мықты ақын жазған.
Пікір 2021-12-04 13:15:28 күні Jako тарапынан түзетілді
Белесебет жасамады демесең, кеме де, тік ұшақ та жасап жатырмыз.
Тік ұшақты біз емеско шығарған біз просты құрастырамызго БРАТАН
ҚАЙДАҒЫ ЭКСТРИМИСТ? бұл өлен СЫҢ ретінде жазылғанго БРАТАН
СЫҢ Түзелмей мін түзелмес
avatar
  • Jako
  • 04 желтоқсан 2012, 13:29
  • +1
Қайреке, сын деген менің жазғандарым,өлнңнен қазақтың жақсы жақтарын көргісі келмеушілік иісі аңқып тұр.
avatar
  • Jako
  • 05 желтоқсан 2012, 09:42
  • 0
Серіктің өлеңі ма, мықты ақынның жазғанын ішім сезіп еді.Жерлесім ғой,әрі құрдас, көңілжақынбыз.Қайреке, сіз ренжімеңіз,өлең жайында пікірімнің дұрыс екендігіне көзім анық жетті.
мен ренжмим ренжитин ададмнын орны болек, просто дандайсуды кою керек Үнемі жақсы жағыммызды қашанғы айтамыз?
  • bekzada
  • 04 желтоқсан 2012, 16:02
  • 0
Өлеңің бас бөлігі ғана ұнады… Шынымен ақ, қазақты жек көретін ақын жазды, деген ой келіп қалды. Осындай дөрекі СЫҢМЕН, МІН түзеле қоймас!!!
Шындық көздерінді тесіп жатырма не? Соңғы кезде маған қарап тіке демалмайтын болыпсындарго ((((((((((((
  • bekzada
  • 04 желтоқсан 2012, 21:18
  • 0
Кешіріңіз, бірақ мен сізді танымаймын, сондықтан жақтыртпайтындай себептерім жоқ. Көпке күл шашудың қажеті жоқ. Қазақ: менің ата-анам, туыстарым, достарым!Өзім де қазақпын.Қазақ қазақты жамандаса, басқа ұлт қайтеді? Барлығы бірдей Құдай мен Құранды сүймейді дегеннің өзі өтірік!!! Менің пікірім ұнамай жатса: тек мақтау, мадақ күтемін деп жазып қойыңыз.
сіз өлеңңін әр жолы маған айтып жатыр деп ойлап қалманыз сіңілім?
Барлығы бірдей Құдай мен Құранды сүймейді дегеннің өзі өтірік!!!
мына жерде барлығы деген сөз жоқ, әр сөз өз иесін табады жарайма?
Әнгіме мақтау мадақтауда емес, әнгіме сынды қабылдай алмайт кейәбір жандар, сыңды қабылдау үлкен сабырлықты, үлкен енжарлықты талап етеді туууу не айтып кеттім мен
орысша айтқанда правда глаза колить шоль??? Кешірініз мен сізге жақсылықты қалаймын))))))
avatar
  • m170785
  • 05 желтоқсан 2012, 23:42
  • 0
ха, сіңілім )))
  • qyrmyzy
  • 06 желтоқсан 2012, 00:26
  • 0
қатырасың
  • qyrmyzy
  • 06 желтоқсан 2012, 00:26
  • 0
))))))))))))))))))))))))))))))ыхы ыхы
avatar
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады деген де бар!
келисем
  • Chimaq
  • 04 желтоқсан 2012, 18:04
  • 0
Kishkenerek kezimizde kop estushi edik,oian qazaq,attan qazaq dep…
avatar
  • Kan
  • 04 желтоқсан 2012, 18:52
  • 0
Құранды да, Құдайды да сүймейміз.
Сұлу көрсек оңашаға сүйрейміз."""""
Заманды ашып көрсете алған екен
""«Дүниенің пайдасына пысықпыз.
Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.»""
Иманымыз әлсіреді ғой шыныменақ
avatar
  • m170785
  • 04 желтоқсан 2012, 21:21
  • 0
ашынған
  • didi0393
  • 05 желтоқсан 2012, 01:52
  • 0
OIYAN,QAZAQ! keremet takyryp solai goi da??? A prichem tut Korzinadagy kokonisterdin sureti???? ))))) patriot...???
креативко Жан ))))))))))))))))
  • didi0393
  • 05 желтоқсан 2012, 22:50
  • 0
kok tudyn jelbiregeni kaida??? I prichem tut kreativ?))) Jan??? Uahahahh)))ketw
avatar
  • m170785
  • 05 желтоқсан 2012, 23:45
  • 0
Көршінің қызы Қайырбек қатырады, а? жан ))))))
  • didi0393
  • 06 желтоқсан 2012, 01:04
  • 0
aitpanyz))))
  • qyrmyzy
  • 06 желтоқсан 2012, 00:27
  • 0
ту койш кетпим))))))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.