Рейтинг
+96.93

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Бұл қауымдастықта қолданушылар өздерінің авторлық өлеңдерімен бөлісе алады.

Фариза

Көптен күткен өлеңім бүгін туды, Фариза апа аңсадым өзіңізбен жолығуды. Жырыңды оқып өстіп мен жүрегіммен, Сенің қызың Фаризаның жолын қуды. Шәкіртің самғап түлер енді, Бұлақтай...

Cағыныш

Сағынған сәттерде жүректен қан идім, Кезіккен күніме несіне налимын? Өзіңді дәл бүгін көрсем де, Мен сені бұрыннан танимын! Қол жайып өзіңді тіледім, Таныспа менімен, мен сені білемін! Күрсіне қалсаң сен қапелім, Соны да сезетін жүрегім. Айтпағын келдім деп жырақтан, Өттім деп өлшеусіз сынақтан. Мен жаққа асыққан жоқсың сен, Сол үшін шынымен ұнатқам. Тере алмай...

Достык

Достык жайлы шабытты жыр козғайын, Тауысатын бір жан едім, Ак паракка көз майын. Акылы көпті дау алмаған, Досы көпті жау алмаған қазақпыз. Көп ұлттың басын қосып, достасып,...

БАҚЫТЫҢДЫ ТАНЫП АЛ

Туындамай тұрмайды сұрақ мүлде, Жарық шаша бермейді шырақ түнде. Бақыт деп ойлағаның… О несі екен? Бақытсыздық боп шығар бір-ақ күнде! Тағдыр деген осы ғой, толқымалы, Пенде шіркін жоқ іздеп шарқ ұрады. Белес қуып, алдамшы елес қуып, Арманыма жетсем деп талпынады. Бітпейтін, таусылмайтын сансыз ілік, Алдайды сан өзгеріп, сан құбылып. Арманнан қайта -қайта адассақ та,...

Қайғы емес ол...

Қайғы емес ол Жабырқаған жанымды кім ұғар дейсің, Сағымында келемін бір елестің. Адам ба бұл жанымды жабырқатқан, Әлде, сынақ кезеңі ме, түсінер емеспін. Жабырқаулы көңілім, жабырқайды, Санамды небір ойлар торлайды. Емтиханның кестесімен жүргенде Ойым менен санамда тек бір қайғы. Қайғы деймін, қайғы емес-ау мендегі, Жас санамның жетілгені ендігі. Үлкен өмір...

АҚҚЫРТАУ

Аққыртау, аппақ қырқа сайын далам, Құдайы ырзығынан айырмаған. Жусаныңа жұпарлы аунап өскен, Шаңырағыңа бас иді шайыр балаң. Аққыртау, аппақ өлке адыр мекен, Маңдайыңа бақ жазған Тәңір бекем. Ата сақал аузында шалдар түгіл, Алты жасар ұлың да қадірлі екен. Аққыртау, сырларың көп ақтармаған, Қойныңда дұшпан жатқан аттандаған. Топырағыңда Күреңін кісінетіп, Жотаңда...

Адасу

Кузгi кала. Студенттер жатагы. Бiреулерге бiлiм уйi. Ал, бiреуге каскырлардын апаны. Болме iшiнде ару отыр, Туманданган жанары. Ойларында бак пен сордын отаны. Бiр шанырак алпештеген когершiн, Ендi...

Әттең...

Демалыста келетін жылда ауылға, Улап-шулап ойнайтын су маңында. Қара сирақ балалар сенуші еді, Қара шалдың аузынан туғанына. Балалық шақ бал дәурен қайда қалды, Ұнатушы ем қозымен ойнағанды. Аққыртаудың басында мақта бұлттар, Еңісінде жайылған қой қоралы. — Ата, қашан бітесің? Болдың ба?, — деп, Немерелер жан-жақтан салдырды әлек. Мақпалкөлге отарды үйіре сап,...