Рейтинг
+96.93

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Бұл қауымдастықта қолданушылар өздерінің авторлық өлеңдерімен бөлісе алады.

Ана тілім - ар тілім

Сан ғасырлар, сан тарихтар шертілді Қазақ тілі өршітіп тұр дертімді. Тілін білмес, соқыр намыс арсыздар. Айды аспанға шығарғандай, желпінді. Оқылғанда Елбасының жолдауы, Қазақ пенен қазақшамыз оңбады. Өз жерімде өзге тілді білмесең, Жұмысқа алмай қара халық сорлады. Қоғам дейміз, қоғам бізбіз адамдар, Тарих бетін ақтаруға жараңдар, Ана сүтін ақтап өсер ұл тусын,...

Асылдар кетт-ау мәңгіге.

Қазақтың көп қой баласы. Ерекше туған дарасы. Асылдар кеттау ертерек. Алыстап елден арасы. Қорқамын зарлы дауыстан. Қайғымен қабат алысқан. Ерлерін елі жоқтайды. Ажалмен ерте қауышқан. Талықсып үні алыстан. Дәм-түзын өлшеп тауысқан. Асылдар кетті-ау мәңгіге, Хабары болмай ғарыштан. Қалауын таппай сезімде. Қадірін білмей кезінде. Ойсырап орнын көрсеткен,...

"Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы"

Төлегеннің осы керемет туындысымен мектеп қабырғасында таныстық қой әрбіріміз… Керемет, иә! Осындай өлең жолдарын оқығанда сөз құдіретін тағы бір мойындайсың! Тағы бір оқып, ауылдағы анашымды еске...

Қылықтыма

Жалынды жанарыңа, Сыйғызып сый талабын. Сызылып, сыңғырлайды, Үні де гитарамның. Елеңдеп елесіңе, Қарайлап қор боламын. Екеуміз бірге жүрген, Қимаймын жол торабын. Сүйікімді...

Мемуаршы мұңы..

Бейтаныс ару… Сиқыр сұлу, сылқымым соны мүсін, Ұяңдықтың ұрлаған мол ырысын Жиырмаға жетпеген жас жігітке. Кезіктің бе, кербезім сорың үшін. Хор қызына айналдың сол кезде бір. Сүймесіне сендірді сонда өзгені ұл… Жымиғаның жарасып ақ жүзіңе. Кең көшені кезгендей кербез көңіл… Сәулесіне шомылып көмескі оттың, елегзіген көңілмен елесті өбтім… Қиялымның қанатын қатты...