Рейтинг
+96.93

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Бұл қауымдастықта қолданушылар өздерінің авторлық өлеңдерімен бөлісе алады.

Тағы да күз...

Тағы да күз… Еңсені басқан ауыр мұң… Түсінбедім, жүрек, тағы да неден ауырдың?! «Жапырақ жүрек жас қайың» жаныңды ұқпай, Сезімнен бөтен әлде сен тағы жаңылдың?! Тағы да күз… Еске алдырар өткенді… Жасыл жаз бен сол бақытты көктемді… Ішім құса, қорғасын жан аямай Жүректен құр өшін алып сөккен-ді… Тағы да күз… Тағы да сол мұңды жыр Құйылып жапырақтай жаяды сыр…...

ЖАҒАЛАУДА

Күй тұндырып кеудеге күмбірлеген, Жыр күтетін жаңаша ылғи менен. Сонау көкке Ай, Жұлдыз қожайын боп, Шақ болатын әлемді Түн билеген. Нұрын төгіп асықпай, баяу, әрі, Ақырындап төбеден Ай ауады. Түн жамылғы оранған салқын күзде, Маужырайды Балқаштың жағалауы. Айналада тыныштық. Түн. Ауыр мұң. Құпиясы бітпейді бұл «ауылдың». … Көңіл-күйі орнына түсер емес, Түн ұйқысын...

Қыз қылықтым

Қыз қылықтым… Өзіңе құштар болсын жүз құлық тым. Сен жайнаған құлпыртып көктемімді, Малып ап сары мұңға күз қылыппын. Қимадым сені қалқам назға, сірә, Сеніп қап сезімімнің азбасына....

Сағындым сені, әже...

Сағынып жүрмін өзіңді, әже, сағынып, Кеткелі өзің көктемдер келді Бәйшешек, гүлін тағынып! Бәрі де қалпы… Адамдар көп-ақ көшеде Бейне бір теңіз ағылып. Тек қана сенің жоқтығыңа солар ішінде, Құлының отыр қамығып. Сағынып жүрмін өзіңді, әже, сағынып, Өзің бардағы тентек немерең- Қалыпты жұртқа «бағынып». Өмірге нұрлы ғашық қып мені жіберді Мейірімге толы үлкен...

Сағындым сені, әже...

Сағынып жүрмін өзіңді, әже, сағынып, Кеткелі өзің көктемдер келді Бәйшешек, гүлін тағынып! Бәрі де қалпы… Адамдар көп-ақ көшеде Бейне бір теңіз ағылып. Тек қана сенің жоқтығыңа солар ішінде, Құлының отыр қамығып. Сағынып жүрмін өзіңді, әже, сағынып, Өзің бардағы тентек немерең- Қалыпты жұртқа «бағынып». Өмірге нұрлы ғашық қып мені жіберді Мейірімге толы үлкен...

ҚЫЗЫЛ КӨЙЛЕКТІ ҚЫЗ

Үнсіз ғана арманмен тілдесетін, Бала күнім, қиялмен бірге өсетін… Мен тұратын көшеден жалт-жұлт етіп, Қызыл көйлек киген қыз күнде өтетін. Бар сұлулық шуағын сепкендей кеп, Жарасатын өзіне көктем көйлек. Ажарланып кететін айналамыз, Көшемізден Күн жылжып өткендей боп. Мені сонша түсірген әбігерге, Мұғалім бе, білмеймін, дәрігер ме?.. Қызыл көйлек киген қыз жан...

.........

Сен мені қинамағын, сұрамағын Қалымды, қалым менің сұрғылдау тым… Бүтін дүние бөлшекке түскендей бір, Жаныма сая таппай осынау күн… Өмірдің ұға алмай керегінде, Біреудің жаға алмай бөксесіне… Қаным менің қарайып алыпты ғой, Көрсетердей көкесін көкесіне… Жаныма жақын келген кім бар енді, Шаңдатып саяқ ғұмыр кешкенім бе? Еркімді баурап алған бір қайғы мұң Өмірден жарық...

Тәубе

Кешір мені, құл сүйгіш Жаратқаным! Күнә жасап, заңыңнан сан аттадым. Намазымды оқымай қаза қылдым, Қайта ұйықтап, көрсем де таң атқанын. Шала-шала орындап парызымды,… Көбейттім...

Біз жастар

Біз жастар тау қопарар қарқынменен, Түндегі найзағайдай жарқылменен, Жастықтың жалын атқан шақтарында Көрінеміз бойдағы сан қырменен. Показать полностью… Бірге жүрген достармыз біз жайдары, Мақсаттарға ұмтыламыз ойдағы. Біз жастар — жігерліміз, табандымыз Сужүректі қашыратын айбары! Білімменен жақындатар алысты, Дарынды жастар кімдерден қалысты? Егеменді еліміздің...