Сен мені қинамағын...

Сен мені қинамағын, сұрамағын
Қалымды, қалым менің сұрғылдау тым…
Бүтін дүние бөлшекке түскендей бір,
Жаныма сая таппай осынау күн…

Өмірдің ұға алмай керегінде,
Біреудің жаға алмай бөксесіне…
Қаным менің қарайып алыпты ғой,
Көрсетердей көкесін көкесіне…

Жаныма жақын келген кім бар енді,
Шаңдатып саяқ ғұмыр кешкенім бе?
Еркімді баурап алған бір қайғы мұң
Өмірден жарық таппай өшкенім бе?

Қарапайым жансың деп сөккен мені
Айнала жыбырлайды ұсақ құртша…
Арына қалқан болар деп ойлайды
Жылмиып жымысқы боп дейді жұртша…

Бәлкім мен жаңылысам, күрсінермін
Тұяғым тасқа соқса сүрінермін…
Бірақ та сеніп келем, ақ жүрегім
Ақталар, соғар әлі емін-еркін…

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.