Сендерді тастап барамын

12ден кетіп тағы қалды ма?
Уақыт зулап, сағаттары қашты да…
Өлшеп қойған дәрігерлер онсыз да
Бір күнім де өтіп кетті тағы да…
Он екісі, ертең болар он үші
Тағдырымның осы болар тынысы
Еріп келер, қалмай келер артымнан
Қандай суық еді ӨЛІМ жүрісі...
Жүрек… ия… сүйу үшін жаралған
Тамырлардан бойға сезім таратқан
Ал менде ше?
Менде сезім болса да
Жүрек дерті жан-тәнімді ауыртқан.
Мен ғашықпын, бірақ оны жасырдым,
Санамнан да махаббатты қашырдым.
Қалай ғана сүйемін деп айта алам
Күтіп тұрса ӨЛІМ мені жасырын.
Мен ғашықпын!
Ия, ғашық адаммын!
Ғашықтықтың тартып жүрмін азабын,
4 ай қалды… сол 4 айдың ішінде
Көрсем сені, болмас еді арманым.
Күннен – күнге нашарлап мен барамын,
Жатамын да, кейде тұрмай қаламын.
Соғыссам да, дерт жаулады, қайтейін
Күннің атып, батуынан қорқамын.
Дерт қинайды, тынысымды тарылтты,
Бірақ басқа себеп қинар жанымды.
Көз жастарын менен келіп жасырған,
Аяймын мен туған-туыс, жақынды.
Мен қиналсам, қиналады олар да,
Маған қарап ауырады жаны да.
Білем, бірақ қолдан келер қайыр жоқ!
Көмектесер, халім нашар онсыз да.
Қимаймын мен ешнәрсені, ешкімді
Бағалаймын өтіп жатқан әр күнді.
Кешіріңдер! Болсам егер кінәлі,
Кешіріңдер! Барлық менің күнәмді.
Алдын-ала қоштасамын бәріңмен,
Туған-туыс, бірге жүрген достармен.
Ал өзіңмен қалай ғана қоштасам,
Бір өзіңе бұл өмірде бөтен ем.
Қоштасайын… бірақ қалай?....қалайша?
Сен жақынсың… мен бөтенмін алайда…
Хат жазсам ба? мүмкін жақын барайын?
Амал көп қой…
ҚОШТАСАМЫН ҚАЛАЙДА.
Қызық маған! Айтсам егер шындықты,
Жамар ма едің жүректегі жыртықты.
Әлде менің сезімімді байқамай,
Сырт айналып, кетер ме едің қылықтым.
Қой! Айтпаймын! Жасырамын сезімді,
Шыдаймын ғой....әттең жүрек езілді.
Сені ойлап, армандаймын кешірші!
Сол бір бақыт маған шексіз берілді!

Бүгін жоқсың, болмассың сен қасымда,
Жан сырымды білсе болды бір Алла!
Өлгеннен соң жетіп жатыр маған тек,
Гүл қойсаң да менің қабір басыма.

6 пікір

Kan
қазақтың басына гүл қоймайды. Әлде дінің христян ба еді. сосын өлеңің жалпы өлім жайында ма әлде шын мәнінде басыңызда сондай бір қиындық бар ма?
Bakisheva_Dariya
маған бұл өлең жолдары қатты ой салды. Шынымен өмірмен қоштасу оңай ма? Неге олай жаздың, әлде бұл қоштасу хатың ба? аянышты-ақ
kuralay_95_25
Дария бұл менің қоштасу хатым емес…
kuralay_95_25
cәлеметсіз бе! әрине менің дінім мұсылман, бірақ бұл жерде ГҮЛ әкелуді басқа мағынада айтқанмын. Құдайға шүкір бұл жүрек дерті менде жоқ (тек бастапқы сатысы болмаса), жай ғана, аздап болсын, махаббат пен өлімді бір өлеңге біріктірейін дегенмін.
Jako
Керемет жазылған екен, бір минуттық ғұмырыңыз қалса да Алланың жақсылығынан күдер үзбеңіз, беремін десе Алланың рахымында шек жоқ.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.