Рейтинг
+96.93

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Бұл қауымдастықта қолданушылар өздерінің авторлық өлеңдерімен бөлісе алады.

Жоқ дедің

Көктемгі гүлдей боп ашылдың, Әдемі сенімен айнала. Мен болсам сезімді жасырдым, Екеуміз дос болдық жай ғана. Демеймін сол гүлім солды деп, Көңілді бір күдік баса алды. Мен...

Сен жайлы бірер ой

ДАСТАН! Осы алты әріптен құралған есіміңнің маған қалай әсер ететінін білмейсің ғой СЕН!.. Әрбір атқан таңым, батқан күнім, тіпті секундына бір рет соғатын жүрегім тек сенің есіміңмен ғана көркейеді, тек сенің деміңмен ғана өмір сүреді. Өмір сүру!.. сені көрген күннен бастап 2 есе өрши түсті. Сенің аппақ жүзің мені өзіне баурап, мөлдіреген тұнық көздерің Мариан шұңғымасындай...

Ақын. Рух. Өлең

Ақын. Рух. Өлең Осы үш сөз, білмеймін бір ойдың түкпіріне тамыр болып жайылғандай, айырылмас ұғымдай болып көрінеді де тұрады. Осы сөздерді бір – бірінен ажыратсам немесе орындарынан алып...

Вальс падишасы

Әсем әнмен өрнектеген бар сырын, Ақкөңіл де адал ұлы халқының. Сонау көкке желбіреткен ән туын, Ешқашан да аты өшпейді Шәмшінің! Ұлы сазгер. Падишасы вальстің, Сенің мұңың мына маған таныс мұң. Бір өзің-ақ жеке әлем-ғарышсың! Ешқашан да тоқтамайтын ағыссың! Сен "Қайдасың"? Мың жылда бір туарым! Өзіңді іздеп елеңдейді «Шынарың»… Кеттің бе әлде...

Досты сағынғанда

ДОСТЫ САҒЫНҒАНДА Дей алмаймын, көңілім шуақты еді… Бәрі, бәрі жайында сияқты еді. Ажырамас дос едік егіздейін, Алыстатып алдым-ау бір әттеңі. Кінәлай да алмаймын бірақ сені… Арадан қыл да өткен жоқ. Қыз да өткен жоқ. Уақыт болса сырғуда күз, көктем боп. Мына күйбең тіршілік мұрша бермей, Бір кездегі досыңды іздеткен жоқ. Іздей салсаң қайтеді «бірге өскем» деп… Көп...

Ана...

Ана Ана сенен мына әлем нәр алды, Ана сенен бір құдірет жаралды. Қараңғылық күңірентсе даланы Жарытатын анадан сәуле таралды. Ана деген құдірет бас иетұғын, Көңіліңе қуанышты үйетұғын....

Қай ағыммен барамыз?

Не болып кеттік өзі біз, Қай ағыммен барамыз? Жақсылықпен санаспай, Ағымыздан көп қарамыз. Өзімізді ойлаймыз, Жамандыққа бойлаймыз. Кетерімізді ұмытып, Бұл дүниеге тоймаймыз. Қай ағыммен барамыз, Айтшы өзің замандас? Кім кінәлі белгісіз, Көзден ағар ащы жас. Сенім артқан адамың, Ертеңіне болар қас. Бес-ақ күндік өмір ғой, Дүние-қоңыз, адам мас. Жолдарымыз адасар,...