Дімләма
Бүгін кешкі асқа дімләма дайындадым. Біржола сіздермен де мәзірмен бөлісуді жөн көрдім.
Ең алдымен қазанға (тек қазанда дайындалатын тағам) 2-3 ас қасық май құямыз, сосын жас малдың етін турап саламыз (қозы, бұзау еттері қатып кетеді)
Пиязды (жуа) ірі етіп турап еттің үстіне саламыз
Сәбізді де ірілеу етіп турап саламыз
Картоп
Сарымсақ
Тәтті бұрыш
Еттартқыштан өткен қызанақ
Орамжапырақты салып
Бүтін жапырақтарымен бетін мықтап жабамыз
1 шай кесе су құйып қазанның қақпағын мықтап жауып, қазанның астындағы отты ең төменіне қойып, 45-60 минут бұқтырамыз.
Ас болсын!
ПС: Еттің үстіндегі араны өзім де байқадым. Сәбіздің түрі неге біртүрлі, өйткені салатқа арнап үккіштен өтпей қалғандарын тамаққа қоса салдым. Қызанақты мынадай шырын ету міндетті емес, параллельно салат жасап жатқан соң соны пайдалана салдым.
Тағы сұрақ, пікір, кеңес, мысқыл болса жауап жазуға әзірмін!

53 пікір
күшті дайндалуы да оңай сияқты
Қайбір жылы Қытайға барғанымда, ұйғыр асханасынан жедім, ммм, дәмі деген тіл үйіреді, орамжапырақтың орнына жүқа тандыр нан қояды екен. Енді оны жеген де арманда, жемеген де арманда, ощым )
Қолың дерт көрмесін.