Жатақанадағы түнгі жүріс

Зытып келем, зытып келем,
Артыма қарайлап зытып келем, бесінші қабаттан төртіншіге, одан үшке, екі, бір өтіп кеттім шекарадан… Жатаңханада мен сияқты «спортсмендер» жетіп артылады. Сағат тілі түнгі он екіні соққанда студенттердің қызықты кеші басталады дерсің. Бір топ ақындар, домбырашылар, гитаристер бір бөлмеге топталып алып «алтын қордан» түнгі концертті дүрілдетеді-ау.
Осындай уақытта қару-жарағын асынып вахтерші апай «аңшылыққа» шығады.Сәтті күндері «сыбайлас жем-қорлықтың» (туған күн тойлап жатқан студент сабаздардың) үстінен дөп түседі. Дәл осы сияқты «ауыр қылмыспен» қолға түсу — жатақхана жетекшісінің қара тізіміне ілінгенің. Содан кейінгі күнің қараң, ішкенің ірің, жегенің желім. Ал «шекарадан» өтіп кетсең (бесінші қабаттан төртіншіге) бес дүре соғылады. Соғылғанда қандай, жон арқаңнан қан сауғалайды-ай кеп… Белгіленген уақытта бөгденің бөлмесінде болсаң тәртіптік жағдайда бес сағат лекция тыңдауға мөжбүрсің. Тыңдамай көр, әп-сәтте артың тұман, алдың бұлыңғырға айналады.
Осы жаза түрлерін білсе де қайран, пәтшағарлар алған бетінен сонда да қайтпас қайсарлықты бір көрсетеді-ау.
Сөзіме сенбейтіндер жатақханаға келіп көрсін, ең алдымен жан-жақтан тың тыңдап, бір жағынан қыңқылдап жүрген вахтерші апайды көреді. Одан қалды түнгі он екі болғанда желдің өтіне де қарамай өріп жүрген «жез-киіктерді» байқайсың. Біреулері әңгіменің буын бұрқыратып өзгелеріне мақтанышпен қарап «ақылым азық, сөзім сорпа» десіп жатса, енді біреулері дастархан қамын жасап, той тойлайды.
… Шіркін-ай, бүгін екінші қабаттағы Бәленшенің туған күні деп еді, құны 5 мың теңгелік ақ тілегімді арқалап құттықтап қайтпасқа амал жоқ. Өй, өй, бала, вахтершінің құрығына ілініп, соңғы тойлағаның осы туған күн болып жүрмесін!!! Сақтық керек. Есің барда еліңді тап. Қаһарынан қар жауған вахтершінің ызғарына төтеп бере алмайсың. Онан да аман тұрғанда өз бөлмеме зытайын. Зытып келем, зытып келем…

8 пікір

avatar
  • Korkem
  • 0
ық-ық, тамаша жазылыпты. Жатахана өмірінен мен тіпті мақрұммын…
avatar
  • qyrmyzy
  • 0
хмм, жатақхана деген керемет қой, әсіресе кездесуге, қыдыруға шығатын кезде…
avatar
  • qyrmyzy
  • 0
қандай жәмән… бізде таңға дейін жүре бересің 1 мен 5- қабаттың арасында немесе керісінше…
Түнгі 3те тамақты жасауға «желаниең» ашылып, оны 4те жеп, 5те жататынымызды айтшиш. эх, қимайм ше…
avatar
  • nurba
  • 0
Кешкі ас ішу деген түнгі 2де басталады
avatar
  • qyrmyzy
  • 0
балконда өрмелеп көрдің ба?
avatar
  • nurba
  • 0
әрине ол жабылмайтын қақпа емеспе
avatar
  • qyrmyzy
  • 0
ой тегі, қаншама жыл жатақханада тұрсақ та, ешқайсысы естен шыққан емес
avatar
Базар жоқ!!!)))))) ++1
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.