adai_make
Деңгейі
+4.68
Күші
4.81

adai_make

Make

avatar
Ашулы емеспін, халықтың аузынан естіген сөздерім ғой! Әйтпесе, менің де анам болған, әйелім бар, қыздарым жүр! «Халық айтса-қалып айтпайды» деген бар!
avatar
"Әйел-жеті дұшпанның бірі" дегенді кім айтып еді? Адамның жұмақтан қуылуына себепші болған кім еді? Батырлардың әлсіз жерін жауына айтып қоятын кім екен? Баянға Ноянды атқызған кім? т.с.с.
avatar
: Диссоциативтік фуга – адамның ақыл есінің бұзылуының қиын этаптарының бірі. Фильм түсірушілер өз бастарының проблемасын бүкіл қазаққа таңып, атағын шығарғысы келгені көрініп тұр. Адамның ақыл-есі бұзылғанда өзінің қай ұлттың өкілі екендігін айыра алмай қалатыны және сол тілде бүкіл ұлтты сөйлеткісі келетіні түсінікті жайт, кешіріммен қарау керек. Осылар сияқты «фуга»-лардың алдында «дорога в никуда» тұрғаны шындық, енді!
avatar
Светқалидың «Алжас» деп жүргені дұрыс екен! Қазақта «оқу өтіп кеткен» дейтін бар еді, бұл да сондай болды!
avatar
Өте дұрыс бастама! Қаны қазақ әрбіріміз мұны қолдап жетілдіруіміз қажет. Менің ойымша:
-16-желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 11-де бүкіл Қазақстан «Менің елім» әнін түпнұсқасында орындау керек;
-Кең көлемде мерекелік патриоттық шаралар өткізілуі керек;
-Барлық үйлерде Қазақстан жалауы орнатылу керек;
--Шырша орнату 25-желтоқсаннан басталуы керек;
-Сауда орындарында 25-желтоқсанға дейін жаңа жылға қатысты атрибуттардың сатылуына тыйым салу керек.
avatar
Жалпы қазақ ұлты ешқашан жойылмайды деп ойлаймын. Бір Алла өзі кешірсін, күпірлік болмасын, бірақ Жаратқан ием топырақтан жасаған бейнесіне жан бергенде оның ұлтын қазақ етіп жасаған. Себебі оның есімі АДАМ еді. Екі аяқты пендені адам дейтін тек қазақ қана. Сондықтан қазақты құдайдан басқа ешкім жоя алмайды, Аллаға сенің. Жер бетіндегі барлық ұлттар қазақтан өсіп-өнген, сенбесеңдер ұлттардың тілі, мәдениеті, дәстүрлеріне қарапайым зерттеу жүргізіп көріңдер!
avatar
Модераторлар қайда қарап отырсыңдар? Бейпіл сөздерді экранға шығаруға тыйым салу керек. Монитордың арғы жағында қылғынып өле ме өзі білсін, бірақ ел оқып отырған бетте ешектің ақырғаны дұрыс емес деп ойлаймын.
avatar
Жәке! Жаңа жылда келген жаңа жасыңыз жаңа жақсылытар әкеліп, жаңарған көңіл-күй сыйласын! Мен Жаңаөзеннен Меңдібай деген ініңізбін. Тілегімді қабыл алыңыз.
avatar
«Режиссерларымыздың түсірген киносына қарап тіпті халықтың жауы ма деген ойға қаласың»- мен Ш.Аймановтың "Құлагер" фильмін көріп отырып осылай ойлап едім. "… тәуелсіздіктен кейін түсірілген қазақ кинолары ауылдағы қазақтарға жетпей жатыр"- депсің, олай емес, жетті, бірақ оларды ешкім қарамайды десек артық кетпейміз. Мән-мағына жоқ, ұлтты қорлаудың экрандалған көркемдік нұсқасын көріп отыруға мыйы бар адамның шыдамы жетпейді. Мен кейде қазақ режиссерларының барлығы ойнастан туып, көшеде өскен, адамдықтың бір белгісі тек өздері тәрбиеленіп өскен ортаның өлшемімен өлшенеді деп ойлайды-ау деген пікірге ауа беремін. Тәуелсіздіктен кейін түсірілген қазақ киноларындағы ауылдар бізжің жақта жоқ. Айлық жалақы берілмей, талонға қарап отырған кездің өзінде мен тұратын Жаңаөзен қаласының маңындағы ауылдарда дүрілдеген тойлар болып, бәйге, ұлттық ойындардан жарыстар өтіп жататын. Әлі де солай, бұлар сонда киноларындағы ауылдарды қайдан тапты екен?
avatar
Жол кептелісінде УАЗ автокөлігінің рулінде өзің отырсаң, жаңа, тиімді автокөлік жасаушы конструктор болып шығасың, бірақ, кептелістен өткен соң ұмытып қалатының жаман. Жаңа жол ережесін құрастыруғада болады, қысқасы көптеген жаңалықтар ашасың.
avatar
Жылағым келіп кетті! Әжелер табаларын «осылар қоқысқа тастар» деп өздерімен бірге алып кетті-ау деймін.
avatar
Мұны жазып отырған Жаңаөзендік емес деп ойлаймын. Ат жамылған біреу болуы керек. Шымкентте болып көргенбіз, рас, асхана, сауда нүктелері және т.б. көпшілігі өз-ағаңдардың қолында екен, бірақ Шымқаланың жігіттері нағыз қазақ деп айтуға тұрады. Қонақ десе жанын қиюға бар ма деп қалдым. Сондықтан елге күйе жаға бермейік.
avatar
ерніне не болған деп ойладым… телефонды көргесін күлдімде қойдым.
avatar
«Кеше Абайды күңіренткен, бүгін Н.Ә. Назарбаевты налытатын «қазақ»»- мынау алтын мен шошқаның тезегін салыстырғандай әңгіме болды ғой! Жалдамалы әскер дегеніңіз-кім көп төлесе соның жаңына шығып кететін адамдардың тобыры емес пе?
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
Мен жасым біразға келсе де «Айта бер» блогтұғырына кіріп, жастардың ой-пікірлерін тыңдайын, ой бөлісіп көрейін деп ойландым. Артық болса кешірерсіңдер, шама келсе кедергі болмауға тырысамын.
Ұланның жазғаны мен Kan-ның пікірі өте жақсы. Мен де осы күн жақындаған сайын торға қамалған қасқырға ұқсап кетемін. 1986 жыл мен 2011 жылдың Желтоқсандары жарылмай қалған бомбадай жанымды қинайды!