Анама арнау
Жарық өмір сыйладың күніңменен, Түн ұйқыңды төрт бөлдің түніменен. Мұздай бесік таянып, бесік жырын, Әлдилеттің ерекше үніңменен. Жетеуімізге бір өзің қорған болдың, Жапырағы жайқалған орман болдың. Қиын-қыстау күндерде қу тағдырға, Дес бермедің, ерекше тұлға болдың. Сен жыласаң қалайша жай табамын? Төрт құбылам түгел деп айта аламын? Кірпік қақпай талай түн...