Оралмас жастық
Сағымға сағынып қарармын. Тұман да түншығып тұрармын. Келмеске кеткен жастығым, Мен сені жоғалтқан шығармын. Ұлықтың ұранын ұғармын. Ұлғайып, үн-түнсіз тынармын. Қимастық сезімі қыдықтап, Амалсыз басымды бұғармын. Жастықтың жанарын жығармын. Сезімді құрғатып сығармын. Уақыттың еркіне көндігіп, Өмірдің ырқымен ығармын. Тебіренген көңілді тиярмын. Қалайша...