Ухх,мен тірімін бе))

Таңғы сағат 6.30да күндегідей жұмысқа тұрып, обход жасап қайтуға шықтым. Кеше күні бойы жауған қарды түнде басталған боран ұйытқыта соғып тұр екен. Есік әрең ашылады, артын түгел қарын тазалап жұмысқа шығу желанием жоғалып кетті, бұрма жолдарды толтырған қарды елестеткімде келмейді. Табельныйға соқпай уйден өз панерден жасалған күрегімді арқалап, перегоныма қарай жол тартым. Ақ түнек боран, сыртағы дыбыстан өзіме үрей шақырмас үшін күнделікті құлағыма наушникпен өлең қосып алатынмын. Боран алдымнан, арасында артпен жүріп, итшілеп жүріп жеттім. Бұрылысты тазалап қайтым, соткам тонып дұрыс сойлемей қалды қатып. ошіріп даладағы уілдеген желмен құлаққа келетін әр түрлі дыбыстарды естуге тура келді. Сол дыбыстардың арасынан ызғарлы суық інді де құлағым шалды. Өз қорқынышымды өзім жеңіп, жан жағыма бағдарлай қарасам, фонаригімнің жарығы жылтылдаған дүниеге шағылысады. Сол кездегі күйімді айтып жеткңзе алмаймын. Даусымда барынша шығарып айқайлаймын, бірақ ол даусымды еститін жан жоқ екенін өзім білемін. Қатты жүгірейін десем, өз ажалымды өзім қолдан жасаймын. Поника шығарғанан пайда жоқ, қасекең менім құр айқайымнан қорықпайтынын жақсы біліп тұрмын. Тек аяңдап, атқыштың (біз жақта солай атайды взрывчаткилерді) бір талын артқа қарай лақтырып қойып, жақындамаппа екенін байқап қойып жылжуыма тура келді. Сол сәт бір өтпестей ұзақ болып кетті. Алыстан Эволюшеннің биппп деп келе жатқан сигналы естілді, сол сигналға қатты қуандым. Жолдың екінші жағына өтіп, поездың тезірек жақындауын күттім.Қаншама жыл осы теміржолда жүрсемде бүгін алғаш рет поездбен жарыстым. 58 жүк вагоны мені аман алып қалды.

Үйге келіп шелпек пысырып, мына бір әңгіме есіме түсіп отыр. «Сойылған малдың қанына тайыншалар өкіріп, сол жерді иіскеп айналшықтап шықпайды, қасқырларда солай екен» деген әзіл әңгіме. Бұл әзіл әңгіме соңғы қан сонарда тоңымның етегін қасқыр суйреймін деп бұлғап алған маған айтылып еді. Бүгін дәл сол тоңымды киііп шыққанмын. Жай ғана сәййкестік деп ойладым. Аякөз ауданының Сергиопол ауылында бір аңшы бар екен, ол қасқыр терісін өз үйінің маңайында сояды екен. Осыдан бір екі жыл бұрынғы қыста сол аңшының анасы өзінің есік алдында қасқыр соғып алған. Содан бері ол аңшы аңға шығуын тоқтатыпты. Менде аңға шығуды тоқтатуды жөн көрдім. Арқардың, киіктің, аққудың киелері барын білетінмін, жыртқыш аңдардыңда киесі бар екен ау деген ойда қалдым.



Сурет: тоңыма қаны жағылған қасқыр мен Пират

19 пікір

  • AKA
  • 0
Қалай қорықпайсыздар? Ұжыс, денем түршігіп кетті, оның үстіне сіздер жақтағы суық деген… бррр((:
  • AKA
  • 0
Тақырыпты жөндей салсаңыз…
avatar
  • Zhanat
  • 0
ок)
avatar
  • Delfina
  • 0
Аңшылардың көбіне бірдене болып жатады ғой осы. Жануарлардың киесі дейме, ондайдан сақтасын сізді.
Қорқынышты екен.
avatar
  • Zhanat
  • 0
айтқаның келсін
avatar
  • Jako
  • +2
Аңда кие болады, ол даусыз.Аллатағалам Жаратылысты жаратқанда әрқайсысының орнын белгілеген.Аң-құсты да солай, кейбірін адам несібесіне пайдалану үшін аулауға, пайдалануға нәсіп еткен.Десекте, мысалы көктем айларында балықтың уылдырық шашатын, аңдардың төлдейтін,құстардың балапан ашатын шақтарында аулау адамгершілік заңымен де,өкімет заңымен де тура болмас еді.Бір жерде аналық аюдың киесі жайлы оқыған едім, сол сияқты қасқырдың да киесі болуы әбден мүмкін.Атам қазақ қасқырдың тісін, тырнағын пәле, жаладан сақтайды деп ырымдап бесікке, балалардың киіміне тағып қоятыны болған, сол тегеін болмаса керек.
avatar
  • Zhanat
  • 0
осы уақытға дейін аналығына тиіспедім аңдардың
  • Azamat
  • 0
Итіңіз қасықырдан қорықпайды екен.
avatar
  • Zhanat
  • 0
өлген қасқыр ғой
  • Azamat
  • 0
Өлген қасқыр болсада көптеген иттер жақындамаушы еді ғой?
avatar
итіміз қорқақ емес, ол үйренген үнемі көреді
  • mairosh
  • 0
Қайда жүрсеңде аман болыңызшы Жако аға)
avatar
  • Jako
  • 0
Не боп қалды, Майрош?
avatar
ок карындасым, рахмет
  • AL-ASTER
  • +1
Көрші қытай елінде қасқыр өте сирек кездесетін жағдайға жеткен көрінеді. Соның себебінен, төрт түлікті көптеп қырған бір ауру пайда болған екен. Атауы есімнен шығып кетті. Қасқыр жазықты жайылыммен жүргенде, денесінен яки сілекейінен бөлініп шыққан зат, өсіп тұрған шөппен әрекетке түсіп, оны жеген малдардың организмін залалсыздандырады-мыс.

Біздің өлкеде қасқыр тым көп. Кішкентай кезде, нағашы жаққа барып жүргенде, тұратын ауылдың атауы адам есімі болатын. Аңыз бойынша, әйел адам үйге шабуылдаған қасқырды қолмен алып ұрған қайсар адам болған көрінеді.

Сосын, әкеміз жас кезінде жолдастарымен бір ауылдан екінші ауылға ат шанамен түн ішінде жолға шыққанда, жолда қызыл қасқыр тобы ілескен көрінеді. Ат олардан үріккен, бірақ жам жарығынан қасқырлар жақындамапты.

Шыңғыс Айтматовтың «Аңшының зары» кітабында осы қасқырдың жақсы және кесірлі эпизодтары жақсы суреттелген. Балалары үшін кек алатын көрінеді. Бұны М. Әуезовтың «Көксерегінен» де аңғаруға болады.

Пост қызықты. Сізге амандық тілегеннен басқа айтар жоқ.
avatar
рахмет
avatar
Биыл қыс бізге келе салып бар өнерін көрсетіп жатыр ғой айтеу. Байқау керек. Сақтық жасап жеңіл-желпі керек-жарақтарыңызды өзіңізбен ала жүргеніңіз абзал.

Қаланың шеткі аудандарының бірінде тұрамын. Үйден аялдамаға дейін жарты шақырымдай жер. Жолсыз. Танертен желден жалғыз аяқ жолымызды қар басып қалады. Тізеге дейін омбылатып жүреміз. Кеше директорым бір жұмыстарымен біз жақтағы бір үйге барыпты. Офистын есігінен кіре салып «Жансаааааааая» деп айғайламасы бар ма.Тағы не бүлдіріп қойдым деп орнымнан тұра сап алдынан жүгіріп шықтым. «Мен және сенің үй жағыңда болдым, Құдай сақтасын қалай тұрасыңдар ана жақта, жұмысқа қалай келіп жүрсің.Былтыр Серебрянскке командировкаға барып жолда қалып әрең жеткенбіз, дәл сол жаққа тап болғандай болдым» деген еді. Көп жасаңыз, кеше ғана сол кезде сізді есіме алған едім.
avatar
жұмысқа шыққалы Айтаберден қол үзіп қалдым. Сағынып қалыппын сіздерді. Жазбаға да қол тимей жүр. Қыстың қызықтарын әңгімелеп бір жазба жазсам болар еді))))))))))))
avatar
қуаныштымын есіңе алғаныңа, сенде байқап жүр. Алланың күні де жылынып қалар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.