26 желтоқсан - Айтаберде азалы күн
Шымкент қаласының маңында апатқа ұшыраған АН ұшағындағы 27 шекарашылардың қайғылы жағдайда қаза болуына байланысты 26 желтоқсан сайтымызда азалы күн жариялаймыз.
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат — Бүгін 18 сағат 55 миунутта Шымкент қаласының әуежайынан 20 шақырым жерде Астана-Шымкент рейсімен ұшып жүрген ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ведомстволық ұшағы қонар алдында апатқа ұшырады.Қайтыс болған ұландарымыздың жайы жаннатта, топырағы торқа болсын. Шын жүректен қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Баршаңызды сабыр сақтауға шақырамыз.
Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
АН-72 әуе кемесінің бортында экипаждың 7 мүшесі, 20 әскери қызметші, соның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы, полковник Т.М.Стамбеков болған.
Әуе кемесі апатқа ұшыраған жерде құтқару қызметі жұмыс жасауда. Осы факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. © ҚазИнформ
17 пікір