Ханталапай!



Біреулеріңізге таныс тіркестер, кейбіреулеріңізге жастық шақты еске түсіретін, енді біреулеріңіз мүлдем естімеген сөздер… Біздің балалық шағымыз фантик жинап, ловистің этикеткалары мен наклейкалар қызығымен өтіпті. Асықты анда-санда қолымызға ұстағанымыз болмаса...

Асық жайлы не білеміз?

Асық — кезінде балалар арасындағы ақша рөлін ойнаған. Мысалы, 50 асыққа күшік айырбастаған. Кез келген заттың құны асықпен өлшенген. Асықты ұзақ уақыт сақтау үшін қынамен бояған. Сонда шірімей, иісі шықпай біраз уақытқа дейін қолдануға, ойнауға болады. Қына — тасқа шығатын өсімдік.


Асықтардың ішінен әдемісін таңдап алып, ауыр болу үшін байқатпай қорғасын құйған. Ондай асықты сақа деп атайды.



«Асығыңыз алшысынан түссін». Неге бұл тіркес бата, тілекке еніп кеткен? Ойланып көрдіңіз бе?



Ал, ханталапай! Жылдам хабарласып, асық алыңыздар! Балаларыңыз бен іні-қарындастарыңызға жасалатын жаңа жылдық керемет сыйлық!



P.S: Әрқашан асығыңыз алшысынан түссін!
Асық жайлы, асық ойындары жайлы Jako жазса екен…

13 пікір

  • khairbek
  • 0
кезынде жоскы ойнайтын едык
Сол асықтарыңыз бар ма?
жок казір. бәрін удалить етып тастатадыққой
avatar
  • Delfina
  • 0
Қайда хабарласуымыз қажет?
Анықтама телефондары деген жердегі номерге-ау
avatar
  • Delfina
  • 0
Ханталапай былай тұрсын мен 7 класс оқығанша ініммен тайталасып асық ойнап келгем.
Пост күтеміз!
avatar
  • Jako
  • 0
Гаухартас, бір реті келгенде Алла қаласа асық ойындары жөнінде жазамын. Себебі бұл асық ойыны менің жаныма жақын, бала кезімдегі ең бір кең таралған ойын(ұлттық ойын десем де болар) түрі еді.Сондықтан бұл өтінішті орындауға тырысамын.
Рахмет:)
ОГО! Мына асықтарды алғандар бар ма екен??? Інілерге күшті сыйлық екен. Бағасы да жақсы:)
avatar
Неғып ойыма келмеген, табылған ақыл ғой мынау.Үйдегі бір дорба асықтарымды он-оннан қосақтап, әртүрлі түске бояп жылтыр добраға салып жаңа жылда брәтішкелеріме сыйлап жіребейін. Талай ақшамды экономдайды екем ғоооой))))))))
Жоғарыдағы фирманың асықтары жетпей қалса маған хабарласыңдар. Барлық түрі бар, ешкінің, тоқтының, тайыншаның, қозының,өгіздің...))))))))))))))))))))))))))
  • qyrmyzy
  • 0
күштііі! Маған бес-алтау салып жіберші. Суреттер в студию!
Өөөгіздің. Керемет үлкен болар. Сиырдікін көргем, ал, өгіздікін көрмеппін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.