Рейтинг
+52.76

Қазақ салт-дәстүрлері

Ұлт ұлт болып қалыптасу үшін міндетті түрде оның тілі мен салт-дәстүрі сақталуы керек.

Құрақ құрау өнері

Саламатсыздарма менін сүйікті ісім құрақ құрау. Бос уақытымда құрақ құрап, көрпеше тігемін. Осы көрпеше тігумен айналысқаныма 15 жыл болыпты. Бұл тігіншілікті мен оқыған жоқпын, бірақ өзімнің...

Адам жасы төрт түлік ғұмырымен

1. ҚОЗЫ ЖАСЫ Қазақта ұлды он жасқа келгенде қозы бағуға салатын әдеті болған. Еңбекке баулудың қазақша бастауыш сыныбы іспетті. "Қозы жасы" аталуы сондықтан. Қозы жасы деп аталатын еңбектің алғашқы баспалдағы жастарды өмірге бейімдеу, еңбектің дәмін татып, оның қиындығы сезінудің жоралғысы саналады. Кезінде қозы бағуға кедей, бай балалары түгел шыққан. Сол себепті де, малды бағып...

Тымаққа салу

Әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге ыңғайлы. Халық арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер бар. Сәбидің неше күні кем болса, срнша күн әр керегенің басына іліп қойылатындықтан, күн кереге басы арқылы есептеледі. Қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басынан кейін бала...

  • m170785

Тұсаукесер

Сәбиді қаз тұрғанынан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. «Ала жіп аттамасын» деген ұғыммен шыққан. Жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, оны пысық, аяғын жылдам басатын әйелге қидырады сал бойынша. сүріншек, жайбасар адамға кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. кейде жырлап жібереді;...

Тыштырма

Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер, жұмсақ тоқаштар өткізіп, негізінде беделді үлкен қария апалар ырымын жасап, «тышты ма?» деп қасындағыларға сұрақ қойып ырымдайды, оған жауап қатып «тышты, тышты» деп ырым жасайды. Оны тыштырма дейді. Тыштырманы әйелдер ырымдап, негізінде үлкен қария апалардың қолуы өтуі керек, ырымдалып болған соң бала...

Қыз сұлулығы

Сұлулық пен сымбат тәрбиесінде халқымыз жан сұлулығын басты орынға қойған. «Сұлу болғың келсе, алдымен сыртыңды емес, сырыңды түзе» деп үйреткен. Сонымен бірге тән сұлулығына ба баса назар аударып, дене мүшелерінің сымбатты болып қадағалаған. Аналар қыздары жеті жасқа келгенде беліне белбеу буындырып қойған. Он екіге толғанда жауырының астынан келетіндей етіп арқан керіп, үстіне жатқызған. Қыз...

Құрт

Ақуызға өте бай, сүттен дайындалатын құрттың адам ағзасына пайдасы өте зор. Қой, ешкі, сиыр, тіпті түйе сүтінен құрт жасайды. "ҚҰРТ" сөзі құрғатылған, кептірілген мағынаны білдіреді. Сиырдың сүті, түйенің шұбаты, жылқының қымызы дәруменнің, күш қуаттың нақ көзі екені дәлелдеуді қажет етпейді. Құрт ақуызға өте бай 52,6 &. 100гр сүзбе 227ге дейін қуат берсе, құрттан 370,1 қуат алуға...

Сырға

Сырғалар негізінен екі топқа бөлінеді; біріншілері, жалпақ сырғалар болса, екінші топқа көлемді сырғалар жатады. Жалпақ сырғалар дөңгелек пішінді, дайындалуы күрделілігінде, жасалу тәсілі және жасалған материалына қарай жұқа, қатпарлы сырғалар болып бөлінеді. Бірінші топқа жататын сырғалардың бір түрі; айшықты сырғаның нобайы Айға келсе, Жұлдыз іспеттес «жұлдыз сырғалар» да бар. Түрлі...

Бас тарту.

Мақсаттың "Қазақтың ұлттық ет тағамдары"-деген постындағы пікірінде Манас маған,«Жәке көп рахмет, жақсы түсінік бердіңіз, енді қазақтың табақ тарту дәстүрі, оны турау, бас ұстау жайлы...