Рейтинг
+52.76

Қазақ салт-дәстүрлері

Ұлт ұлт болып қалыптасу үшін міндетті түрде оның тілі мен салт-дәстүрі сақталуы керек.

Ау, жар

Ау, жар ұзатылып бара жатқан қызбен аыл жастары арасында айтылатын айтыс түріндегі өлең жыр. Өлеңмен құрдастық назын, қимастық сезімін, сағыныштарын білдіреді. Ізгі тілек, достық көңіл, айтылады. Сөзі мен әні ойнақы түрде айтылады. Ол;«ау, жар» десе, біресе, «ай ау», бірде «бике ау», тағы бірде "үкі ау" деп айтылады. Мысалы; Буынғаным беліме кісе ме еді, ау жар ау, Бекем бусам...

Байлық пен кедейлік.

Кедейлік пен Байлық бір кісіге келіп: — Екеуміздің қайсымыз тартымдымыз,-деп сұрапты. Бұл сұрақтан әлгі кісі абыржып ойға қалыпты: «Кедейлікті тартымдырақ десем, Байлық ашуланып...

  • Jako

Мизам шуақ

Мизам шуақ жаздың ыстығының беті қайтып, күннің жылуы жерге түсіп жететін өліара мезгіл осы Мизам шауқ. Бұл мезгілді ертеден мизам шуақ деген. Мизам шуақтың белгісі;Қыркүйектің екінші онкүндігінде салқын болып, жаңбыр жауып, түнде шөп басына шық түсетін кез. Күндіз жылынып, жайма шуақ күндер болып, далада ұзынннан ұзақ өрмекшінің өрмегі мизамдар шұбатылады. Күз суығы бір үзік жылымық уақытты...

Андыр

Андыр туда, қармен, үсікпен араласып өсетін тікенді гүл. Ең биікте тауларда, анжырлы мұзартты тауда, ұлар ұшатын, барыс басатын, кемір жуа өсетін құзда гүлдейді. Және басына шешек атып өседі. Жұлып алған жағдайда, ұзақ уақыт солмай тұрады. Алжыр тауға шығып па ең, андыр гүлін жұлып па ең деген осы екен. Егер Сұрша қыз әніндегі әндір қыздың аты болса, онда осы гүл атынан қойылған болуы...

Сәукеле кигізу

Қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек, әрі бір ерекше. Сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оны киюмжұбайлық өміріндегі естен кетпес сәт. БФұлғақтап өскен оң жақтағы жастық шақтың және ақ босаға аттар алдындағы қимас та қызықты кездің естелігі. Сәукеле киюдің өзі ерекше салтанат. Құда құдағилар шақырылып, шашу шашылып, тілек айтып, бата береді. Сәукеле байғазысының бағасы...

Күздегі күн құбылыстары

Таразының тууы. Тамыз айы ортасында күн салқындап, құю бұлт пайда бола бастайды. Күздің белгісі біліне бастайды. Жиі жиі жаңбыр жауып, салқындайды. Сүмбіленің тууы. Сүмбіле туса су суыр деген халық мақалы бар. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келіп, сарғайып білінеді. Жауын жиі жауып, қара суықтың кезі. Қазанның қара дауылы. Қазанда күн суытып, қар аралас жаңбыр болып, қазанның желі...

Атастыру

Атастыру ескі салт. Қыз бен жігіттің ата аналарының күнінен бұрын уәделесіп, жігіттің атын қызға, қыздың атын жігітке есіттіруі. Келісім ұл мен қыздың жас шағында, тіпті бесіктегі кезінде жасала береді. Егер қыздың ата анасы ұлдың ата анасының тілегін қабылдап, өскенде қызын беруге келіссе, қыз бен жігіт атастырылған болып саналады. Алдын ала қалыңмал төленеді. Атастырылған жастар есейе...

Жиенқұйрық

Жиенқұйрық — жиенге жасалатын жоралғы. Жиен алғаш нағашы жұртына келгенде бәсіре алады. Халық дәстүрі бойынша, жиен нағашыларынан қалаған затын, яғни Жиенқұйрық алуға тиіс. Нағашысы жиенінің бетін қайтармай, үш рет сұрағанын беруге міндетті. Қалағанын бермесе, ол жиендік жасап, басқа жолмен алуға ерікті. Қазақстанның кейбір аймақтары Жиенқұйрықты “жиеннің қырық серкеші”, “қырық шұбар тай” деп...

Итаяққа салу

Жас келіншек бір ауылға қыдырып барып, не есік көруге шақырғанда әйелдер жағы не үлкен әжелер;«Итаяғыңа сал» деп сақина, күміс, жүзік, заттарын береді. Итаяғыңа салу деген келіншек босанып, баланы жуатын суға, шілде суына, әлгіндей күміс, жүзік, сақина сияқты заттарды ыдысқа салып, нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін, заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып, бөлісіп, тарасады.

Үй көрсету

Жаңа түскен келінді туыс, көрші, жекжат жұрағаттары үй көрсетуге, яғни, есік ашарға шақырады. Мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген мағынада. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәдесімен келеді. Оны ілу дейді. Шақырған үйдің жәрежесіне қарай келіннің енесі шешеді. Мұнымен бірге келінді шақырған үй келіннің мінезін, жүріс қимылын, әдеп тәртібін байқап, сынайды