Шарғы
Ұзатылған қыздың, яғни қалыңдық болған қыздың өзіне тетелес сіңлісіне немесе өзінен кіші, немесе туыс сіңлілеріне басына тартатын орамалын береді. Бұл ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап, бақытты бол, жұғысты болсын деген ырым. Бұны шарғы салу деп атайды. Шарғы салынған қызға жеңгелері, апалары, жезделері, құрдастары бірге қосылып, шашын тартып, аяқ бөлігінің санын инемен шаншып, ол белгі...