Ханталапай!
Біреулеріңізге таныс тіркестер, кейбіреулеріңізге жастық шақты еске түсіретін, енді біреулеріңіз мүлдем естімеген сөздер… Біздің балалық шағымыз фантик жинап, ловистің этикеткалары мен наклейкалар қызығымен өтіпті. Асықты анда-санда қолымызға ұстағанымыз болмаса...
Асық жайлы не білеміз?
Асық — кезінде балалар арасындағы ақша рөлін ойнаған. Мысалы, 50 асыққа күшік айырбастаған. Кез келген заттың құны асықпен өлшенген. Асықты ұзақ уақыт сақтау үшін қынамен бояған. Сонда шірімей, иісі шықпай біраз уақытқа дейін қолдануға, ойнауға болады.
Асықтардың ішінен әдемісін таңдап алып, ауыр болу үшін байқатпай қорғасын құйған. Ондай асықты сақа деп атайды.
«Асығыңыз алшысынан түссін». Неге бұл тіркес бата, тілекке еніп кеткен? Ойланып көрдіңіз бе?
Ал, ханталапай! Жылдам хабарласып, асық алыңыздар! Балаларыңыз бен іні-қарындастарыңызға жасалатын жаңа жылдық керемет сыйлық!
P.S: Әрқашан асығыңыз алшысынан түссін!
Асық жайлы, асық ойындары жайлы Jako жазса екен…
13 пікір
Жоғарыдағы фирманың асықтары жетпей қалса маған хабарласыңдар. Барлық түрі бар, ешкінің, тоқтының, тайыншаның, қозының,өгіздің...))))))))))))))))))))))))))