Логикалық сұрақтар

Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан 2 жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
Қай ауылдың балалары? Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі – Харкиннен, екіншісі – Тайпақтан, үшіншісі – Мергеннен келген. Ерлан мен Харкиннен келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Тайпақта болып көрмегендігі болса, қай бала қай ауылдан келген?
Олар қандай баға алды? Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, – деді. Сонда әркім қандай баға алған?
Түнге қарай бір отбасы көпірге келеді. Әкесі оны 1 минутта, анасы 2 минутта, бала 5 минутта, ал әжесі 10 минутта өтеді. Олардың қолында бір ғана қол шамы бар. Көпір тек екі адамды өткізе алады. Отбасы осы көпірден 17 минутта қалай өтеді?

6 пікір

avatar
Асқардың Айжаннан екі жас үлкен қызы болмаса жауабы: Айжан — Мұрат, Маржан — Асқар;
Аян, Аслан, Арман;
Әділет — Тайпақ, Еркін — Харкин, Ерлан — Мерген;
Жаман баға деген 1 мен 2 болса жауабы: Әсем — 5, Ардақ — 3, Анар — 4;
avatar
Соңғы сұрағың 17 минут — 18 емес па қайта қарап жіберш
avatar
Соңғы сұрағыңды асықпай қарармын
avatar
1. Айжан Мұратқызы және Маржан Асқарқызы.
2. Үлкені-Аян, Ортаншысы-Аслан, Кішісі-Арман.
3. Еркін-Харкендікі, Әділет-Тайпақтікі, Ерлан-Мергеннен.
4. Анар-4, сондай-ақ, үшеуі де 4 деген баға алған болуы керек. Сұрақ дұрыс қойылмаламған секілді, Айзере.
5. Соңғы сұрақ ойлантарлықтай екен.
avatar
егер әкесі баланы арқасына салып арқаласа 1 минутта анасы 2 минутта әжесі 10 минутта жетеді деп ойлаймын. дұрыс болса + салыңдар
avatar
Түнге қарай бір отбасы көпірге келеді. Әкесі оны 1 минутта, анасы 2 минутта, бала 5 минутта, ал әжесі 10 минутта өтеді. Олардың қолында бір ғана қол шамы бар. Көпір тек екі адамды өткізе алады. Отбасы осы көпірден 17 минутта қалай өтеді?

Әкесі мен анасы 3 минутта, баласы мен әжесі 15 миутта өтеді деп ойлаймын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.