Өмір - Өлең!!!

Салсада өмір өзі әуресіне,
Өткен күндер түседі күнде есіме.
Түнімен қалам алып өлең жаздым,
Айлы түнгі жұлдыздың сәулесіне.

Қуаныш – шаттық қазір келетіндей,
Кеудемді салқын самал желетіндей.
Көңілімді мұң басса өлең жазам,
Осы бір өлең көмек беретіндей.

Шыбықпын жаңа ашқан бүршігімді,
Неге менің көңілім түршігулі.
Өлең осы ұшырып айлы аспанға,
Түсіргендей болады бір жүгімді.

Отырдым ойға батып таң атқанша,
Үміт бар бірақ менде талап қанша.?!
Шіркін өмір зуылдап өте шығар,
Басыңды бір жақтарға қаратқанша.

Бір ғажап күй кешемін таң атқаннан,
Қырандай болсам деймін талаптанған.
Әйтеуір аман-есен жүріп келем,
Келер күнге бақ тілеп жаратқаннан…

2 пікір

avatar
  • maulen
  • 0
Өлең — өмір белес-белес бітпейтін,
Уақыт шіркін, зымырайтын, күтпейтін.
Арапалысар тіршілікте ақынның,
Үлкен талап, үлкен үміт жүктейтін…

Өленіңіздің оты сөнбегей!
avatar
  • 8888
  • 0
Рахмет тілегіңе! Өзіңніңде шабытыңа шабыт қосылсың!!! жазарың көп болып, айтарың таусылмасын!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.