Жол қызықтары.
Астана бағытына қарай қаншама жол түсіп жатса да уақыт шектеулілігіне байланысты ылғи поезд немесе самолетпен барады екенмін. Сәті түссе көлігіммен шығып жол бойын қызықтап, демала отырып асықпай барсам деген бір ой бар еді. Соның бір сәті түскендей болып қалды. Петропавловск қаласынан бір шаруалар шығып, барып қайту керек болды.Осы бір сәтті пайдаланып екі дос інішекпен, мені қосқанда үшеу болып жолға шықтық. Маршрут Тараз-Шу-Балхаш-Қарағанды-Астана-Көкшетау-Петропавловск болды.Жол кәдігімгі жолдағыдай әжүк-күжік әңгімемен қысқаруда, үш адам болғандықтан, әрі уақыттан қысып асықтыру болмағандықтан онша шаршай қойған жоқпыз.Шығарда барғанша еш жерге тоқтамай барар жерімізге жетіп бірақ тоқтаймыз да, ісіміз біткен соң қайтарда асықпай жол бойын қызықтап келеміз деп келісіп алып едік. Сол тәртіппен жүріп келеміз.Мен өзімнің дәл осы келісімнен ұтылғанымды қайтарда түсіндім. Ойға алған жұмысымыздың Көкшетаудан бітуіне байланысты Петропавловск қаласына мүлде соға алмадық, бұл мен үшін өкінішті болды, мен бұл қалады бұрын-соңды болмаған едім, тағы сәті түспеді. Ал Көкшетау, Астана, Қарағанды қалаларынан түнде өтуге тура келді.Жолда көлікпен жүрген адамның бірінші көңіл аударатынының өзі сол жол емес пе? Таразбен Меркі арасындағы жол шығыс Қытай, батыс Европа магистралі айтарлығы жоқ тамаша, ал Меркіден Бурылбайталға дейінгі 250км жол тек қана жол атауында екен. Бурылбайталдан Астанаға дейінгі жол Алматы-Астана магистралі біршама жаман емес па деп ойладым. Ал енді Астана-Көкшетау автобанына келсек жақсы әрине, бірақ кей жерлерінің ойылып сыр бере бастағаны көңілге кірбің ұялатты.Тағы бір ұнамағандығы Қарағанды мен Астананың маи қызметкерлерінің арсыз, ұяттан безгендігі. Мен Тараздың маи қызметіндегілерді ең жексұрындар шығар деп ойлаушы едім, сөйтсем қателескен екенмін.Қысқасы енді суреттерді сөйлетіп көрейін.
Балхаш көлі басталды.
1.
Мына бір дәмхана трактир «Старый Мельник» деп аталады екен, бірақ өзі атына сай емес сияқты.
2.
Балхашта тұрып қармақ салмау күнә болар.
3.
Тілек екеуіміз.
4.
Алтын балықпен.
Балхашқа кіре берісте мына ескі паровоз қарсы алады екен.
5.
Қазағымның даласы қандай тамаша, сар даламен жүйткіп келе жатсаң алдыңнан осындай керемет тау шыға келеді.
6.
Соңғы жылдары пайдалануға берілген Жамбыл алыбы «Жамбылцемзавод» Балхаш көлі жағалауында Мыңарал жерінде.Осы зауыттың бір ерекшелігі шикізат 5 шақырымдық карьерден конвейр арқылы тура ұсақтау цехына жеткеріледі екен.
7.
Мына бір үшкір шың етегіне қарағайлар өскенде әйгілі Көкшенің Бурабайындағы Оқжетпестен айнымай қалар еді-ау деген ой келеді.Ал қазір бәрібір Бетпақдаланың Оқжетпесі болып тұр.
8.
Бір байқағаным Балхаш пен Қарағандының арасынан осындай көне құрылыстардың бірнешеуін көрдім.Бірақ осы құрылыстардың бірнеше ғасырлық тарихы бар екені қарапайым көзге көрініп тұрса да ешқайсысы да мемлекет қарауына алынбаған, ол тұрмақ аты-жөні жазылған тақтайша да жоқ.
9.
Жаңбыр мен желден сырт жақтары тегістеліп кеткенімен іш жағынан кірпіштер анық көрініп тұр.
10.
Мына бір жел энергиясын өндіретін құрал өте қарапайым екен.
11.
Содан да болар малшылар осы құрылымды пайдаланады екен
12.
Жол бойы осындай кемпингтерге толы, бірақ сапасымен мақтануға тұрмайды.
13.
Қала ішінде, биі үйлер арасында жүріп кешкіғұрым күннің алаулап батқанында көрмегеніме бірталай болыпты-ау.
14.
Мында біреу Астананың пирамидасын көшіріп орнатыпты.
15.
Жолда дайындалған бичпакетте дәмді болады.
16.
17.
Орман ауасы керемет,әттең көктем болғанда ғой.Қуат екуіміз.
Тасты жарып шыққан қарағайлар.
18.
Тілек біз тамақ істеп жатқанда орманнан саңырауқұлақ теріп үлгеріпті.
19.
Саршағанның балығы-ай…
20.
Саршаған балығымен мақтанса Меркі балымен мақтана алады.
21
Мына қызыққа қара, елдің бәрі " Титанник" кемесін Атлант мұхиты түбінен іздеп жүр, ал ол болса Мойынқұмда құмның арасында тұр. Адамдардың фантазиясына шек жоқ-ау, сірә…

19 пікір
Ал ана саманнан салған ескерткіш емес, біреудің зираты ғой, оның өкіметке не қажеті бар қорғауға алып? Бар болса ұрпақтары тасқа жазып қойсын, кімнің жерленгенін жазып… одан өзге қорғау керек емес сияқты маған. Біз жақта да көп ондай құлап, мүжілген зираттар… Кезінде бір ауылдың бетке ұстар биі немесе намысын қорғаған батыры болған шығар…
Сосын дәл анадай паровозды жақында біздің Шарға да қойды вокзалдың алдына, әлі бояп болған жоқ, маңайына тас төсеп газон жасап жатыр… Көптеген қалаларда бар екен сондай паровоз, Аягөзде, Защитада бар мен көрген…
Айналатынын жатқызып қойған ветрякқа қызып отырмын, қайдан алды екен…
Сонда екеуі екі төбе ма?Батыс жақты бір аралап қайтпадыңызба))