Бір әннің тарихы Сен қасымда болмасаң
Сен қасымда болмасаң әнінің сөзін жазған Бақытжан Ауданбаев; Бұл әнді мен 2000ж жаздым. Сол жылы әйелім бір жаққа қыдырып кетті де, үйде жалғыз қалдым. Құдай қосқан қосағы, серігі қасында болмаса ер адамның жағдайы белгілі. Көңілім құлазып, сағыныш болды. Бұл өлең иесіз ұзақ жатты. 2002ж Ержан екеуміздің шығармашылық бірлестігімізден туған. Ол ән ұсынды, мен сөзін. Мен Ержанға әндеріңе сөзді ақындарға жаздырсаңшы дейтінмін. Ақынды таппасаң маған кел дейтінмін. Алып келген соң сөзді әр түрлі нұсқада жазып көрдім. Ешқайсысы келмеді. Бұрын жазылғандай болып тұрды. Бір кезде қарасам, Сен қасымда бомасаң, егер деген сөздерім бар екен, содан барлық егерлерді алып тастап, Ержаннын әніне тура шыға келді. Бұрын Ержан орындап жүрген. Алғашқы туындымыз болған соң, Ержан ееуміз достарымыздың арасында айтып жүрдік. Мына ән Асқарды жатып, 5 жыл күтті. Ержанға берер кезде, керемет ән болады деп ойлаған жоқпын. Кейін Ержан орындап шыққаннан кейін әдемі бола қалды. Маған нағыз ән хит болатын деген ой келді. Ол ойымда болмады. Ай өтті, жыл өтті. Әлі шығатыны жоқ. Екі жыл, үш жыл өтті. Асқар бұл әнімді тапты деп ойлаймын.
Әнін жазған Ержан Серікбаев; Бұл әнге біраз жыл болды. Бұрын Шымкентте өзім айтып жүретінмін. Кейін Асқарға көшті. Ән жүректен шыққан соң, Бақытжанға бардым, ол жақсы сөз тауып берді. Содан ән ұшып кетті.
Сен қасымда болмасаң
Әні; Е.Серікбаев
Сөзі; Б.Ауданбаев
Ешбір ғажап қызықтырмас менің жанымды,
Сен қасымда болмасаң.
Өмір азап, солғын тартар жүрек жалыны,
Сен қасымда болмасаң.
Түнде күліп, тамылжымас, таң атпайды,
Сен қасымда болмасаң.
Күн де түнді тартып алып, нұрын шашпайды,
Сен қасымда болмасаң.
Қ; СЫ
Баурап алатын дидарың қандай,
Қарай берем мен көзімді алмай.
Жаутаң қағатын жанарың қандай,
Арай төгетін алтын таңдай.
Табиғат та тамашасын жасырып алған,
Сен қасымда болмасаң.
Бір сұлулық байқалмайды қасымда қалған,
Сен қасымда болмасаң.
Күн де бір сәт көтерілмей, жүрек жылайды,
Сен қасымда болмасаң.
Бар әлемнің бар байлығы,
Бар байлығы түкке тұрмас,
Сен қасымда болсаң
Әнін жазған Ержан Серікбаев; Бұл әнге біраз жыл болды. Бұрын Шымкентте өзім айтып жүретінмін. Кейін Асқарға көшті. Ән жүректен шыққан соң, Бақытжанға бардым, ол жақсы сөз тауып берді. Содан ән ұшып кетті.
Сен қасымда болмасаң
Әні; Е.Серікбаев
Сөзі; Б.Ауданбаев
Ешбір ғажап қызықтырмас менің жанымды,
Сен қасымда болмасаң.
Өмір азап, солғын тартар жүрек жалыны,
Сен қасымда болмасаң.
Түнде күліп, тамылжымас, таң атпайды,
Сен қасымда болмасаң.
Күн де түнді тартып алып, нұрын шашпайды,
Сен қасымда болмасаң.
Қ; СЫ
Баурап алатын дидарың қандай,
Қарай берем мен көзімді алмай.
Жаутаң қағатын жанарың қандай,
Арай төгетін алтын таңдай.
Табиғат та тамашасын жасырып алған,
Сен қасымда болмасаң.
Бір сұлулық байқалмайды қасымда қалған,
Сен қасымда болмасаң.
Күн де бір сәт көтерілмей, жүрек жылайды,
Сен қасымда болмасаң.
Бар әлемнің бар байлығы,
Бар байлығы түкке тұрмас,
Сен қасымда болсаң
20 пікір
Барлық нәрсені шынайы жүректен шығарған абзал. Берікбол.