Mission Complete
Жұмыс ауыстырып жатырмын. Күні ертең анда болуым керек. Ауызша келісім солай болды. Негізі, бір ғана тапсырмасын жасап беруім керек еді, клиентімнің әңгімесінің соңы өз қарамағына алуға ұласып кетті. Мен де аңқау, «ауысам» дей салдым. Расында «осы жерде бір жылға толтырсам, басқа жұмысқа ауысам» деп жүруші едім. Жобаларына қарағанда «тегін» кісі емес секілді көрінді. Тәуекел… Айтылған сөз — атылған оқ. Сөзімнен бұлтарудың түрлі нұсқалары ойыма келе берді. Бірақ, не қайыр? Пойыз жүрді, заттарыңды түгелдегеннен пайда жоқ — жолаушысың.
Көңіл-күй — жайсыз. Ойланып отырмын. Мұндағылар әлі кететінімді білмейді. Отпускіге арыз жазғам, қайтарып алдым. Алдағы айда отпускіні ең ақымақ адам алатын шығар)) Айдың өзі отпускі ғой. Жұмыс үстелім, қағаздарым, компьютерім, тумбочка, кресло, каруселька, қоқыс жәшігім, сервактар, желідегі файлдар бәрі-бәрі қалып барады. Оларды қойш, үйреніп қалған әріптестерімді айтсаңшы((( Кез келген еркелігімді көтере беретін ед. Ана жақтағылар біраз қуалайды-ау… Бос уақыт азайып, жай күні оқылмаған универдің сабағы, енді мүлдем ұмытылады)
Хош… әріптестерім… Ертең келесіңдер — кабинет жабық тұрады. 9 болады, 10 болады, мен әлі жоқпын. Тағы да "ұйықтап қаппын, жаба салыңдарш" деп звондайтын болар не агенттен «1 қабатта көтеріліп келе жатырмын» деп жазып, өзі 40 мин соң пайда болатын шығар деп ойлайсыңдар. Бірақ, жоқ. Қызық, тіпті юрист кісі менің қайда екенімді сұрамайды. Керісінше, бәлкім, содан естірсіңдер, жұмыстан шығып кеткенімді.
Қоштасқым келмейді… Әлі көрісеміз. Бір жақсысы, жаңа жұмысым осы жерден бір аялдама жерде екен) Мешітке жақынырақ. Тамақ ішетін жерге де)
P.S: Тауар, қызмет сатқан бір бөлек, өзіңді сатқан бір бөлек екен. Жұмыс берушімен әңгіме үстінде бұрынғы жалақымнан сәл жоғары жалақыға келісіп қалдым. Бұл — қателік. Мұндай жағдай жарты жылда бір қайталанатын жағдай болғандықтан — дүниелік шаруаларда ең үлкен қатенің бірі деуге болады.

26 пікір
Бұған дейін 1-2 компанияда бірнеше айлап жасап кеткем)Қазір менің өмірім өзінше бір жаңа парақтан басталып жатыр.
Бір қалада болсақ, жолығып тұрамыз. Шамалауымша, осы үлкен қала болуы керек. :)
Қайда жүрсең де, аман жүр!
сайт та тынышталып капты