Болсаң еді қасымда
Болсаң еді қасымда
Болсаң еді қасымда,Көз жасымды сүртетін,
Жұмсақ қолмен аялап,
Басымнан кеп сүйетін.
Болсаң еді жанымда,
Үйрететін сүюге,
Сағынысқан еріндер,
Қосылатын біріге.
Болсаң еді жанымда,
Құшақтап бір алуға,
Ұмытылған сезімді,
Қайта бірге тануға.
Келсең еді жарығым,
Қайта менің өміріме,
Быт-шыт болған жүректі,
Жинау үшін бүтінге.
Келсең еді аяулым,
Қайта оралып өмірге,
Болмай жатса мүмкіндік,
Тым болмаса түсімде.
Қанша айтамын атыңды,
Таң атқанша күндерде,
Естімейсің сен бірақ,
Тірі емеске айып не?!
10 пікір