Байқаусызда
Ақпан айының 7 және 10 жұлдызында үйге барып қайттым. Бәрі аман сау. Қалаға бірер шаруаларыммен шығып едім, жолдан ең жақсы арласатын дос қыз алдымнан құрбысымен бірге келе жатыр екен( ғашық болуға сәл жақын жандармыз) мен олардың алдынан күлімсіреп күтіп тұр ем, қарамай өте берді. Ренжіп қашанғы әдетімше жыр жаздым( әрине жыр деп атауға келсе) кешке өзіне жіберген ем. Ренжімеуімді сұрап, байқамай қалғанын айтты.
Байқамаймыз, барма осы кiсiлiк шын?!
Iштей тынып, тұмшалап барымызды.
Ей жалғыздық, жанымды түсінiпсiң,
Сыртымнан сыңарлатып сары күздi.
Беу сары күз, жігер жібін тастағын,
Шұбырлатып, жеткізейін талайға.
Мына мені өкшелеген басқа мұң,
Байқаусызда шалып түсер қалайда.
Барiн байқап байыптаған боламын,
Жол iздеймiн жүрегiнен өзгенiң.
Жолаушылап, арып, тозып, соламын,
Тұрагы жоқ өзiң болған өзгемiн.
***
Мен сенiң жанарыңнан күлкi iздедiм,
Сол бейне маған қарай төтеледi.
Жаңа көрдім байқамай бір қыз менің,
Қасымнан өте берді.
Байқамаймыз, барма осы кiсiлiк шын?!
Iштей тынып, тұмшалап барымызды.
Ей жалғыздық, жанымды түсінiпсiң,
Сыртымнан сыңарлатып сары күздi.
Беу сары күз, жігер жібін тастағын,
Шұбырлатып, жеткізейін талайға.
Мына мені өкшелеген басқа мұң,
Байқаусызда шалып түсер қалайда.
Барiн байқап байыптаған боламын,
Жол iздеймiн жүрегiнен өзгенiң.
Жолаушылап, арып, тозып, соламын,
Тұрагы жоқ өзiң болған өзгемiн.
***
Мен сенiң жанарыңнан күлкi iздедiм,
Сол бейне маған қарай төтеледi.
Жаңа көрдім байқамай бір қыз менің,
Қасымнан өте берді.
26 пікір
деп шақырвалмадыңыз ба) Мүмкін мен сияқты адамның түрін жаттай алмайтын шығар))
«Көріңгенге көз салған көңіл арсыз» деп Ақан сері жазғандай. Арзан сезімге бас ұрып өз құныңды түсіре берме інімау.