Мұз бен біз
Қыс орнады қуылып ол шағымыз,
Қар көңілде қалғаны сонша мұң-із,
Жанарымның үзілген моншағы мұз…
Мен өкпелі көңілмен ұйқас тердім,
Себепкері жырымның сол сары қыз…
Сан қырды сағынышпен аттап өтем,
Жүрегім бола алар ма баққа мекен?
Мендік ұяң сезімді сақта бекем…
Жанымдағы жараны жасырмақ боп
Қыс ептеп көмкеруде ақ дәкемен…
Көңілден қуып тастап ізгі арманды,
Аңсағанды жаратпай, қызғанғанды,
Салқындық орнатардай мұздан мәңгі
Шырқымызды қашырып бұзған мәнді
Қытымыр қыс қатайып, ызғарланды…
Суынады, сезімді сыз басады,
Алшақтықтың қарыған мұз ба сәнi?
Сембегені жүрегім сыздаса әлі…
Сіреу мұңды жібітіп жіберем де,
Жылымықта жетемін қызға сары…
Қар көңілде қалғаны сонша мұң-із,
Жанарымның үзілген моншағы мұз…
Мен өкпелі көңілмен ұйқас тердім,
Себепкері жырымның сол сары қыз…
Сан қырды сағынышпен аттап өтем,
Жүрегім бола алар ма баққа мекен?
Мендік ұяң сезімді сақта бекем…
Жанымдағы жараны жасырмақ боп
Қыс ептеп көмкеруде ақ дәкемен…
Көңілден қуып тастап ізгі арманды,
Аңсағанды жаратпай, қызғанғанды,
Салқындық орнатардай мұздан мәңгі
Шырқымызды қашырып бұзған мәнді
Қытымыр қыс қатайып, ызғарланды…
Суынады, сезімді сыз басады,
Алшақтықтың қарыған мұз ба сәнi?
Сембегені жүрегім сыздаса әлі…
Сіреу мұңды жібітіп жіберем де,
Жылымықта жетемін қызға сары…
6 пікір
Мұндай практика, шығармаңа алда-жалда уытты пікір, салмақты сын естіп қалып, енді үндемей қалайын десең — Данте Гетеұлы екеніңді барлығы біліп қойд; амалсыздан шет-қиыры жоқ өзіңді ақтау жолындағы құсық айтыстан сақтануға керек. Әу бастан ешкім жақтырмаса, қалай пайда болдың — солай ғайып бола қоясың. Реал өмірдегі ғұлама-пәлсапашы-энтомолог атағыңа түк нұқсан келмейді.
2. Айтабер тұрғындары — профессионал оқырмандар
Ақирет Сотына шығардай дайындалып келіңізші, өтініш.
3. Өзіңді жұртқа танытатын басқа кемінде 150 млн. сайт бар.
Өзім сүйіп оқитын мектеп балалары мен ұстаздарға арналған «Балалар шығармашылығы» журналы жақында бір жақсы жаңалықтың шетін шығарып қалды. Сайт ашпақ ниеттері бар екен. Сол жер керемет тренажер, Айтаберге келетіндей қалың бет қалыптастыруға келісті жер болатын сияқты.
4. Бұтақты жеме.
Иә, бұтақ жеген — жарасқанға әбідрәш, тойыс — түйеге ғана жарасқан. Негізі жазбагер адам «шын мәнінде мен былай дегім келген...» деп, өз жазбасын тәпсірлеуі — құрыды деген сөз. Үндемей ғана оқырмандардың қышқыл пікірлерін жұтып отырыңыз. Өзіңе абырой болад. Ептібайымайд.