Ұстаздың жолы - ұлы жол!

Бұл өлең мектебіміздің гегография ұстазы, өзімнің сүйікті ағайым, қашан көрсең білгенін үйретіп отыратын, жаста болса бас болатын Қамбар Амантаевқа арналады.

Сөздерді нақышына келтіріп бір,
Әлемді бір парақта таңбалаған.
Таулар-тастар, қалалар, өзендер-көл
Дөңгелек жұмыртқада сия қалған.
***
Көрген жан мақтанып айтар атын,
Біліміңді еселеп қайтаратын.
Шаһарда біздің алтын бір ұстаз бар
Ашымаған айранды ұйытатын.

Тұлпары алда жүрер аламанда,
Білгенін жасырмайтын бар адамға.
Дүние түсінікті боп кетеді,
Нұр шашқан жанарымен қарағанда.

Айтылмаған көкейдегі ойлары әлі,
Шөл басқан саналарды қандырады.
Бүгінгі Шохандайын жарық жұлдыз
Ертеңгі қазағымның – Марғұланы!

Жататын бүкіл әлем таңдай қағып,
Ғылым мен білім жолда маңдай алып.
Ұстаздар керуенін бастап тұрар
Тізгінін ұстап алып – Амантаев!

2 пікір

avatar
  • Kan
  • 0
жарайсың ұстазын ардақтаған жаман болмас
avatar
  • Jako
  • 0
Жарайсың Марат, сендердің арқаңда ұстазыңның мерейі үстем болсын әрқашан.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.