Айтабер әні

Мен бұл өлеңімді әннің ырғағына келтіріп шығарған болатынмын. Оқыңыздар, ойларыңызды жасырмай айтыңыздар...

Алдаспандай секілді,
Сөздері сайлы өтімді.
Ғаламтор қазақ төріне,
Жаңа бір бала әкелді.

қайырмасы:
Көңілдің күйін тарта бер
Аңыз қып бізді айтады ел
Ұрпақтан ұрпақ жалғасып
АЙТАБЕР жайлы айта бер.

Қиырда-қиыр жерлердің
Асуда асу белдердің
Хабарын жылдам жеткізер
Айтабер деген ел едім.
қайырмасы:

Қанатын кеңге керетін
Бар ақпарды беретін
Қонақ боп келіп, құтымды
Төріме менің төрлетің.
қайырмасы:

Кеңестер түрлі айтамыз
Пайдасын алың баршаңыз
Сауабын жинап жұртының
Тура жолмен тартамыз.
қайырмасы:

7 пікір

avatar
Қанекей, достар! Араларыңда ән жасайтын программалары немесе аппараттары барларың болса, көрелік шырқап.
avatar
  • Korkem
  • 0
avatar
  • mairosh
  • 0
Мынаны әнұран қылып қою керек))) Сайтқа кірген сайын тұрып осыны айтатын)
avatar
  • tonukok
  • 0
тамаша екен :) әнұран болуға шақырып-ақ тұр )))
avatar
  • Jako
  • 0
Жарайсың, Марат!
avatar
Өте жақсы маған ұнады!
avatar
  • qyrmyzy
  • 0
Композитор мен әнші болса… Клип те түсіретін… tonukok ?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.