Қызыма
- жазған: marat-sail
- 0
- 3
(Жалтақтаумен қараумен ұясына)
Қызым кетіп барасың қия шыңға.
Бөтен үйдің түтінін түтетесің,
Ошағыңның отауын құрасыңда.
Енді сен өзге ел боп атанасың,
Аттағасың жаңа өмірдің босағасын.
Ата-анаңның жүрегін жұлып кетіп
Басқа ауылды келін боп қуантасың.
Әкең қалар, артыңда анаң жылай
Еркелей алмайсың сен бұрыңғыдай
Ұл-қызыңды әлпештеп отырасың
Түзге кеткен жарыңның жолын қарай.
Биік болсын шайқалмай шаңырағың,
Естілсін тек күлкісі балалардың.
Өз үйіңнің бағы бол мәңгіліке
Қызым менің, алтыным, шам шырағым.
13.07.2021
Бұл өлеңіме берер бағаларыңыз қандай? Бала жүректі әке жүрекше жырлатқан едім. Қызын қияға қондырған қолданушылар сіздер не дейсіздер?
Қызым кетіп барасың қия шыңға.
Бөтен үйдің түтінін түтетесің,
Ошағыңның отауын құрасыңда.
Енді сен өзге ел боп атанасың,
Аттағасың жаңа өмірдің босағасын.
Ата-анаңның жүрегін жұлып кетіп
Басқа ауылды келін боп қуантасың.
Әкең қалар, артыңда анаң жылай
Еркелей алмайсың сен бұрыңғыдай
Ұл-қызыңды әлпештеп отырасың
Түзге кеткен жарыңның жолын қарай.
Биік болсын шайқалмай шаңырағың,
Естілсін тек күлкісі балалардың.
Өз үйіңнің бағы бол мәңгіліке
Қызым менің, алтыным, шам шырағым.
13.07.2021
Бұл өлеңіме берер бағаларыңыз қандай? Бала жүректі әке жүрекше жырлатқан едім. Қызын қияға қондырған қолданушылар сіздер не дейсіздер?
3 пікір