************
Шырқалса құлықсыздау ән көңілсіз, Шуақтың қажеті не жанға нұрсыз?.. Сұрықсыз мына дүние селт етпейді, Сүйрейді қамытыңды таңдар үнсіз… Мейлі, сен мағыналы, мәнді өмір кеш, Пенделер жоққа — сараң, барға — күндес. Бойсұнып тереңіңе енсе-дағы, Санасыз түсінбейді арманыңды еш… Амалсыз, тістеледі бармақ үнсіз, Пенделер бұл жалғанда бар ма мұңсыз? Өмірде оқылмаған жыр —...