Өмір пәлсапасы

Бұл өмір-бес күндік жалған фәни..өмірде сен қорқатын нәрселер бар… олардан сақтан… ең алғаш өз жолыңды жасап ал...өзгелер жүріп келе жатқан жолдарға қарап қызықпа… себебі,, екеуіңде жолда келе жатсыңдар… яғни… теңсіңдер..әрқашан қайырымды бол..қайырымдылыққа тек зағип жандар ғана мұқтаж емес… теріс жолда жүріп келе жатқан жандар да мұқтаж…
олар сөздің… туралықтың қайырымына мұқтаж..өмірде бір жан жасаған қателікті..өзгелерге айтудан сақтан… себебі сен оның жан дүниесін түсінбейсің… ал оны түсіну үшін сен ол болу керексің… алайда оның орнында бола алмайсың… бір жанның жанарынан тамған жас… сенің де жанарыңнан тамуынан қорық… себебі үміт… адамның жанарында болады..үміт-от… ал жас-су...үмітті сөндіруі мүмкін… жанарыңнан мұң орын алса… одан арылуға тырыс… біреуге қажетсіз болсаң мұңайма… себебі сен басқаға қажетсің..өзіңнен артық жандарды ойлап қинала қалсаң..өзіңнен кем жандарға қарап күш ал… таңда күн шықты..өте нұрлы...қалай ойлайсың… себеп не екен?!!! себебі жаңа күн басталды… күн секілді күлімдеп баста әр күніңді… ал енді күн батты...қараңғы түн… тыныштық… ал бұл не үшін?! бұл саған берілген мүмкіндік… ойлануыңа… сен тәтті ұйқыдасың… алайда аспан күңіренуде… сенің бір күнің өтті деп… ойлан замандас… таңда ояндыңба? тыныс алып тұрсыңба? демек шүкір ет… жаңа күніңді баст… кешірімді бол… шөлдеп келе жатсаңда… басқалар ішпегенше сен де сусыныңды қандырма...қанағат ет…

Қытайдың жақсы бір сөзі бар:
"Қатты дауыл тұрса, сен одан қорғану үшін үлкен қоған салма. Желмен жұмыс істейтін диірмен сал."

Кісі кеңесі:
1. Уақыт ағынынан қалма, әрқашан біліміңді жетілдіре бер.
2. Достар-жарандар мен таныстар жина. Олардан көмегіңді аяма. Бір күндері саған да көмегі тиеді.
3. Ешқашан ешкімге сырыңды, түпкі ойыңды айтушы болма, әйтпесе кейін өзіңе таяқ болып тиеді.
4. Артық ақшаң болса, әуелі аяқ киім, сосын басқа сатып ал.
5. Аш қалсаң да, жанқалтаңда 10 мың теңге жүрсін.

Ғалым кеңесі:
1. Күніге, әрбір жетістіктерге жеткенде, армандарыңыз орындалғанда Аллаға шүкіршілік жасауды ұмытпаңыз.
2. Әрдайым барлық нарсенің жақсы жағын көріңіз немесе жақсылыққа жорыңыз.
3. Қасыңызда дос және таныстарды таңдағанда ақылды және жүрегінде иманы бар адамдармен араласуға тырысыңыз.
4. Жүректі көбінесе құлыпта ұстаңыз, кез-келген адаммен қашықтықтан араласыңыз, сонда өміріңіз тыныштау болады.
5. Ең бастысы өзіңізге және өз мүмкіндіктеріңіздің мол екеніне сену керек, сонда барлық армандарыңыз және мақсаттарыңыз орындалады.

Өмір кеңесі:
Ертеңгі күнге жоспар құр, бүгінгі күнмен өмір сүр.
Міндетті түрде ұйықтар алдында өзіңе өзің есеп бер.
Өзіңді-өзің тәрбиеле, өзгелерден сабақ ал.
Жан-дүниеңді таза ұста.
Жақсылық қылсаң – өзіңе,
Жамандық қылсаң – өзіңе,
Аспанға қарап түкірме,
Түседі қайтып көзіңе.

5 пікір

avatar
  • Kan
  • +1
Жақыс,ғибратты,өнегелі жазба екен.
avatar
  • Jako
  • +1
Тамаша жазба, бір өзіндік өзгеше стиль бар.
avatar
  • Jazko
  • +1
Иа стиль ерекше. Өмір деген таусылмайтын сұрақ, ал сен жауап іздеумен күндеріңді өткізесің.
avatar
Ерекше әрі ғибратты жазба екендігімен келісем. Бірақ, аш қалып, қалтамда 10 мың теңге болар болса, міндетті түрде тәтті тоқаш алып жер едім.
avatar
  • Aitain
  • 0
10 мың теңгені сол аш қалғаныңда тамаққа жұмсау үшін сақтау керек шығар мүмкін?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.