Оқып көр, ой салар...(2) "Арналар тілімен"

«Түңгі студиядағы»(Қазақстан) «Риясыз әңгіме»(Қазақстан):
— «Сөздің шыны керек»(31 арна) бүгінгі жүгенсіз кеткен билікті тәубесіне келтіру «Мүмкін емес...»(Еларна),- деді ел ағаларына өкпесі қара қазандай жігіт.
— Не болды сонша, Мәскеу бір күнде тұрғызылды деймісіз? «Бәрі де мүмкін»(Еларна)…
— Еее, шіркін, сіздерге салса, «Айтуға оңай...»(Қазақстан)
— 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын «бірлігі жарасқан» еліміздің егемендігіне нұқсан келтіретін сөздеріңізді "қылмыс" деп тауып, осы отырғаныңызда «жаза»("Қылмыс пен жаза". Қазақстан) қолданайын ба..?!
— Маған үкім шығаратын сіз емес, "Өз сөзім өзімдікі"(31 арна).
— «Біз»(Хабар) "Ұлт мақтанышы"(Қазақстан) Елбасымыздың жарлығы бойынша Қазақстандағы 130 ұлттың дәрежелерін тең ету жолында маңдай терімізді аямай төгіп жүрсек, сіздейлер тірсектен тістеп, аяқтан шалып әлек.
— Сіздердің «тең ұлтты» мемлекет құрамыз деген сөздеріңізді жамылып, өз елімде өзгелердің үстемдік құрғанына шыдай алман. Біле білсеңіз, «Бұл — менің Қазақстаным»(Қазақстан). Өз жерімде өзім бас көтере алмайтын болдым ғой…
— Бұл сізді «Алаң»датпауы(Қазақстан) тиіс!
— Сіз өзі қазақтың жауы емеспісіз?
— …
— Сізге «Дауа» жоқ екен...,- деп ашулы жігіт орнынан тұрып кетіп қалды. Бірақ, әлі талай «Айтылмаған әңгіме»(31 арна) бар еді…

5 пікір

avatar
  • Kan
  • 0
керемет айтыс.
avatar
  • poetshd
  • 0
рахмет
avatar
  • Mirjakip
  • 0
өз басым, бывший жайдарманшы болғандықтан, Осындай тапқырлықты қатты бағалаймын.
avatar
Ең, ең… (Қазақстан-Ақтау) өзекті мәселе (Қазақстан) қозғап отырғаның, азамат (Хабар).
avatar
  • AKA
  • 0
Мынау қалай әдемі жазылған, а!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.