Түркиядан құттықтау!

Әлемге саяхат /
Қазақ Елінің Тәуелсіздік күні құтты болсын! Бұл бақытқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Тәубенің ең зоры — Тәуелсіздік. © Тәуелсіздік үшін күрескен кешегі ата-бабаларымыз да ТӘУЕЛСІЗ ұрпақтың жарқын күлкісі үшін жанын садақа еткен болар. ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, ҰМЫТПАЙМЫЗ! Бұл күн — дүркіреп тұрып өткізуге әбден лайық!
Тарихтан тағылым, өткенге -тағзым ете отырып Түркияның Измир қаласында білім алып жатқан жиырма шақты студент кәсіби шеберіміз болмаса да барын салып үш күн ішінде би шығарып, арнайылап туымыз түстес футболка тіктірдік. Осылайша Тәуелсіздік күніне барынша сый жасауға тырыстық. Айнала жап-жапсыл, күн шығып тұрса да боғымызбен бірге қатып қала жаздадық. Мына жерде білінбейді қайта. Мен қолғап киіп алдым. Қыз-жігіттердің ұйымшылдығыеа тәнті болдым, барлығына рақмет! Арасында Кавказдан келген сақалды Ахмет деген жігіттің де көмегі зор болды. Күнннің суығында дайындалатын жер тауып, біз үшін шыр- пыр болып жүрді. Видео кәдімгі қол камерамен түсірілді. Ол үшін өзбек бауырларға да рақмет! Ал, біз қазақтар биледік! Флешмобты бағалап жіверіңздер! )

7 пікір

yesbolat83
Жарайсыңдар, жігіттер мен қыздар! Барлықтарыңа да мереке құтты болсын! Тәуелсіздік алғанымызда ең алғаш рет құттықтау осы Түрік елінен келгенін білесіздер, достығымыз нығая бергей!
Қамажайды сағынып қаппын…
Jako
күн шығып тұрса да боғымызбен бірге қатып қала жаздадық.
Боғыңнан садаға кетейін, тәуелсіздік күні үшін құрбан болып кете жаздаған екенсіңдер ғой…
Не бастарыңа күн туып желтоқсанда жалаңаштанып жүрсіңдер?(тәуелсіздікке қарсылық көрсеткендерің бе әлде) «Тәуелсіздік күні»-еліміздің ең басты, жып-жылы киініп алып, үй-ішіңмен емен-жарқын мейрамдайтын мерекесі болғанын қалаймын.
qarasaqal
Тамаша екен. Таңертең көріп рииизза болып қалдым :) Әдетте Түркиядағы студенттердің белсенділігі төмен деп ойлаушы едім. Ойымды сындырдыңыз :)
AKA
Бірлігіміз нығая берсін, әдемі-ақ!
ulzhankzz
кутты болсын мереке!
Соңғы өңделген уақыты:
Kan
Осындай өзге елде жүріп Тәуелсіздігімізді тойлаған жастарымнан айналдым.
Бірақ неге ұлттық би көрсетпедіңдер сол жағы сәл ұнамай тұрғаны.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.