Жеке күнделіктен....


4.09.2021
Бүгін туған күнім. Сұмдық-ай өз туған күнімді тойлауға кешігіп барам. Иә, ағам дұрыс айтады,
көп кітап оқысаң, жынданып кетесің.
(олай айтатын жалғыз ол емес). Өмірдегінің бәрін кітаптан оқып біліп ап, өмір сүруден бас тартқан Чеховтың бір кейіпкеріне ұқсап бара жатқандаймын…

Таныстығымыз кеше басталса да, группаластарымның біразы жиналып, аялдамада күтіп тұр екен. Мен тез оралатынымды айтып, жатақханаға қарай жол тарттым. Не үшін бардым?...! Әйтеуір жақындаған сайын тезірек қимылдауға тырыстым. Жаңа достарымды ренжіткім келмегеннен бе, қадамым молайған сайын жүрісім жиілей түсті. Аздап қуанып, ой тереңіне үңіле бергенім сол, біреуді соғып кете жаздадым.

Алғаш көргенім тек тұңғиық болды. Шіркін-ай десеңші, көзден тарайтын нұр да осынша жарқын болады екен-ау… Жаңағы асығыстық та, жиі естілген дем де жоқ. Бейне бір, бар күшімді жинап келе жатыр ем. Сол жігер осы сыйға арналғандай-ақ. Жұмбақ. Тынық. Тыныштық. Бәрін ұмыттым. Ұмыттым деп ойлауға шамам да болған жоқ. Тек тамсандым.

Ол да біреу алдымнан шығып қалар деп болжамаған болуы керек, сәл аялдап, бірнеше рет тыныс алды. Қорқып, қобалжып қалған жүрек дүрсілі естілгендей болды. Тынысы үзіліп-үзіліп жалғасып жатты. Алдындағы адамның кім екенін білуге құмарта көтерілген көздер жанарымды жандырып жібергендей болды. Бірақ ол сәт ұзаққа созылмады. Төмен қарап маған сөйлеп жатыр. Қылқаламның қас шебері де бұл кереметті көрсете алмас. Мен өз-өзімді жоғалттым. Тапқым да келген жоқ. Менің осы сұлулыққа деген құмарлығым бірінен-бірі сәл ажырап, қайтадан асыға қауышқан еріндердің құмарлығынан кем емес. Ол төмен қарап тұрды… Содан болар, көзімнен тәтті сезімімнің теңеулерін арқалап аттанған сансыз жауынгер оның кірпіктен қаланған биік қамалынан аса алмады...



Кенет кеудемдегі дүрсілдің жылдамдығы арта бастады. Дауысы да қатты. Соны сезіп қояр деп сескеніп, кішкене есімді жиып алдым.
"… Сол себепті мен бүгін сенің туған күніңді тойлауға бара алмаймын. Ренжімеші" деді де, бұрылып кетті.

Толқын шашынан таныдым. Иә, сол! Сол, болса, қазір оны бірінші рет көріп тұрғам жоқ-қой. Қалай байқамағанмын?.. Бір группада жүріп қалай сезбегенмін?

жалғасы бар...

15 пікір

avatar
  • AyKoN
  • +1
жаныңда жүрген бақытыңды байқамайтын кездер болады… өте әсерлі жазылған!!!
avatar
  • maulen
  • 0
Ол бұйра шашты аруды дәл кезінде байқаған екенсің бауырым, бақыт тіледім, тек шырағын сөнбесін!
avatar
  • jalyn
  • 0
рахмет Мәке
avatar
Та-ма-ша! Жалғасын тездетсең. Қандай әсерлі, тартымды, жеңіл жазылған.
avatar
  • jalyn
  • 0
Ұнағанына қуаныштымын… Жалғасы тез арада жарияланатын болады)
Мәәәә, жазуға әбден төселіп қалыпсың, амиго! Жалғастыра бер, тамаша жазылған)
avatar
  • jalyn
  • 0
рахмет Садко
avatar
Күшті жазылған екен. «Менің осы сұлулыққа деген құмарлығым бірінен-бірі сәл ажырап, қайтадан асыға қауышқан еріндердің құмарлығынан кем емес»."… жанарымды жандырып жібергендей болды", «Шіркін-ай десеңші, көзден тарайтын нұр да осынша жарқын болады екен-ау…». Сол сәттегі сезімнің күштілігін дәл жеткізген жолдар осылар деп ойлайым. Жалпы, бәрі де әдемі жазылған.
avatar
  • jalyn
  • 0
Үлкен рахмет… Өз басымнан өткен жағдай болғасын ба, сол кезді ойласам, қазір де толқып кетем…
avatar
Сонымен жалғасы не болды? Бақытты етіп аяқтауға міндеттісің деп ойлайым.))
avatar
  • jalyn
  • 0
Бұйыртса, оқырсыз… Түріктің сериалдарындай созылмайды… Бірақ қызық дүниелер болады деп ойлаймын)))
  • Chan
  • 0
кәріс сериалы болды ғо онда
avatar
  • jalyn
  • 0
Жоға… Жалпы мен сериал деген дүниені ұнатпайды екем. Бір екі сағаттық үнді фильмі болады-ау)))
Керемет Айдос... Оқығанда көз алдыңда болып жатқандай әсер қалдырады. Сен жаза аласың, әбден төселгенсің. Сен осындай тамаша туындыны жазуға себепкер болған-сол бұйра шашты аруыңның болғаны үшін бақыттысың!!!
avatar
Рахмет)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.