Әйелді ұру,сабау еркектік?

  • жазған: Kan
  • 0
Әйелді ұру
Әйел сабау, мақтаныш.
Керек болса боқтаңыз
Даттаңыз.
Әйтеуір тыныш жатпаңыз.
Еркектікті ақтаңыз.
Жігіттікті сақтаңыз.

Әйелді ұру
Шашын жүлу дұрыс іс.
Тыңдамаса, сыйламаса ұрыңыз.
Қырыңыз.
Әйтеуір намыста тұрыңыз.
Әйел орнын біліңіз.
Әйел сіздің күніңіз.

Бәрі білер.
Бірақ әйел анағой.
Аналықты, даналықты
Құрметейді саналы ой.
Сенің анаң таяқ жесе қайтерең?
Шын жыңданып кетерең.
Ұрғандарды,қырғандарды
Өлтіререң,өртерең.

Әйелді ұрған.
Еркек құлдан азған жоқ.
Болған істің алды соқыр
арты шоқ.
Әйел егер тілден тапса қайтесің,
Еркекқой
Бір қылығын көтерсін.
Ал әйелің
Саған сеніп ергенің.
Бір емес мың сұғады тілдерін.
Мың қорлықта өтер жігіт күндерің.

Әйелді ұрма.
Сорлап жадап жүре бер.
Саған қарап мазақ қылып
Күлер ел.
Әйел өзі сыйламаса еркегін.
Бітті дей бер болашағың, ертеңің.

9 пікір

avatar
Ұр дедің, ұрма дедің, тағы да ұр дедің...
Сөз жоқ жақсы жазылыпты.

Айтпақшы ілмекті қатырыпсың, ұру-қате, сабау-дұрыс деп тұрған секілді.
avatar
  • Nazka
  • 0
Қандай жағдай болса да әйелін ұру дұрыс емес. Егер әйел адам кінәлі болса басқалай жазаласын. Әйел адамды ұратын адамды еркек деп айту қиын. Әйел адамды ұру арқылы өзіңнің күштілігіңді емес әлсіздігіңді көрсетесің. Әйеліңізді ұру арқылы айтқанымды тыңдатамын деп есептейтін адамдар шын мәнінде тек өз абыройын, әйелінің алдындағы беделін жоғалтады!
avatar
  • Jako
  • 0
ұру-қате, сабау-дұрыс
Қатын сабау деген біздің бабаларыиызда болған, ерсі қылықтары байқалғанда аталарымыз әйелдеріне тон кигізіп қойып қамшымен торсылдатып сбап доқ көрсетен екен, бірақ ол денеге батпайтын болған мүмкін сабау дұрыс деген осы болар, ал енді ұру деген жұдырық жұмсап бет көгертіп, етіне дақ салу шариятқа да,қазақтың салтына да қарсы, міне ұру қате деген осы болар.
avatar
Ілмекте де бір сыр бар шығар бәлкім???
avatar
  • Jako
  • 0
түх, шықты-ау әйтуір…
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
  • Jako
  • 0
Пікірді зорға қостым, спам деп қабылдамайды, бәріңде солай ма жоқ әлде мені солай қылып қойған ба?
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
  • Jako
  • 0
Сенің анаң таяқ жесе қайтерең?
Шын жыңданып кетерең.
Ұрғандарды,қырғандарды
Өртерең,өлтірем.
Осы жерді,
«Сенің анаң таяқ жесе қайтерең?
Шын жыңданып кетерең.
Ұрғандарды, соққандарды,
өлтіререң, өртерең»
-десеңіз соңғы жолдың ұйқасы ашыла түсер ме еді?
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
Ия… Өлтірер ең… Өртер ең… Осылай жазылу керек емес пе қателеспесем? Менің де пікірім шықпай жынымды шығаруда. Жазбаларым да солай. Енді жазбайым деп қайтып салсам да шықпай тұрып алады. Әлсіздер ғана қол көтереді. Азғын ұрады. Бір сөзбен, еркектікке жатпайды. Шалбарын шешіп етек киіп алғаны жөн ондайлардың!!!
avatar
  • Flower
  • 0
Uide kamshysy turyp, ui ishin beibit turde tarbielep otyrgan otagasylaryna Allah razy bolsyn…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.