...

Теңдесіз, ең Ұлық Раббымыз бір Аллаһ.
Риясыз көңілден отырмын жыр арнап.
Өзіңнің құзырыңдағы хақ дінім – Ислам.
Үмітім – Мейірімің, арманым – Жәннәт.
Показать полностью…
Сансыз мақтау-мадақты бір Саған арнайын.
Соңғы елшіге салауат-сәлемдер жолдайын.
Төмендете көрме, тек биікке өрлет
Я, Раббым елімнің рухани жағдайын!
Мың түрлі ой келген санамда сан сұрақ…
Тозақты ойласам, жүрегім қанжылап,
Тәуба етіп, жанарға үнсіз мұң түнеттім.
Жәннәтіңді ойлаумен үміттен гүл ектім.
Шексіз махаббатпен Өзің деп бұлқынсын,
Сөндірме иманын жұдырықтай жүректің!
Алла Өзі біздерді кешсе екен демес кім?
Мейлі, Өзіңнен өзге ұқпасын мені ешкім,
Қаһарыңнан үстем болған Мейіріміңнен
Тәңірім, ешқашан үміт үзбек емеспін!
Куәлік сөздерім кәлимам – ұраным.
Күмәнсіз ақиқат кітабым – Құраным.
Өзіңе мадақ, нәбиге салауат айтып,
Қажетімді өмірде тек Сенен сұрадым.
Ажалымыз жеткенше Өзің ұсынған
Бес күндік бұл фәни – біздерге сынағың.
Я, Раббым барша бауырдың мұсылман
Жұмақтан нәсіп ет мәңгілік тұрағын!

Салтанат Мадиярқызы

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.