Қыз алып қашу
Студен кезім болатын. Асқар деген досым бір қаланың қызымен дос болып жүре бастады. Енді екеуі әпежеп -тәуір жерге дейін барды.Сол қыздың үйіне барамыз деп қаланың жігіттерінен талай таяқ жедік та. Жігіттер жайғой қыздың ағаларын айтсаңшы. Бір күні Асқар досым қыздың үйіне барып тұрмай ма,үй дегенде де ауылдағыдай терезені қағып қашып кетеалмайсың ғой. Төртінші этаж қашып көр сен шығам дегенше, басбалдақтардан аттап түсем дегенше қуған адам ливтеменақ түсіп алдыңнан шығады. Некерек Асқар есіктің қоңырауын баспай ма, сол-ақ екен есік ашылып дәу жұдырық тұмсықтан тарс ете қалыпты байғұс талып түсіпті. Есін жиса Дүңкейген қара « Е қалайсың күйеу бала қош келдің» деп қарап тұр дейді.
Асқар сасқалақтап:
Қош көрдің Сіз кімсіз-депті. Анау:
-Мен қайны ағаңмын-дептіде алдына дойбы қойып «кел ойнаық мені женсең мен саған қарындасыммен қыдыруға рұқсат беремін ал жеңілсең маған бір жәшік пива алып бересің» депті. Некерек Асқар жеңіп тұрсада да жеңіліп ағасына жәшік пива тасумен болыпты ол мас болып ұйқыға кеткенше. Ақыры Асқар сол қызға үйленетін болып шешті. Құда түсіп,қолдан алуға қыздың ата-анасы келіспеді яғни қаланың адамдары қызының ауылдың жігітіне тұрмысқа шыққанын қаламады. Не керек алып қашатын болып келістік. Ол түста көлік тапшығой. Досым екеуміз поездбен алып қашатын болдық. Поездға төрт адамға биллет алдықта тарттық. Ой поездың ішін той қылып жібердік қой. Жолсерігі –тамады. Астанаға бара жатқан шымкеттің балалары живой музыка, поездағы қыздардың бәрі құдаша болып кетті. Ыру-дыру бір тәулік тойлатып станцияға жеттік. Енді жеттікпа десек сорымызға қарай автобусқа мінеді екенбіз онымен селкілдеп үш сағат жүрдік. Ішкен тамағымыз желкемізден шықты. Құстықпа келіп әйтеуір бір бұрылыстан түсіп қалдық. Қыздардың түрлелін көрсең бойаулары езіліп, жасаған прочаскалары жәйіне қалған шаштары киіз секліді ұйсып қалыпты.
Асқардың қызы «Бізді қайда алып бара жатырсың неғылған степ» деп қояды. Шындада автобустан қайдағы жоқ мидалада түсіп қалдық. Мен Асқарға қарап:
• Ау досым бұл жерден неге түстік-десем.
• Казір бізді арықарай арбамен алып кетеді-дейді саспастан.
Бәріміз Асқардың бетіне қарап «немене арбамен?» деппіз ғой. Мына сөзді естігенде қыздардың ностроениялары мүлдем түсіп кетті. Арба келем дегенше жаңбыр жауды. Тығылатын жер таппай бірбірімізді құшақтап жабысып тұрдық. Тісіміз тісімізге тимей қатып қалдық. Өлдік дегенде арба келді. Бір джип келгендей қуанып мініп алдыққой. Ол арбадан не қайыр жаңбыр төбемізді тесіп бара жатыр. Арбаны жүргізіп келген шабарман жамылып алыңдар деп көрпеше берлі онысы шылқып тұр қалай жамыласың. Арбамен салдырап ауылғада жеттік. Ауылға кіре берісте үлкен сай бар екен. Су аттың бауырынан келеді. Қырсыққанда ортасына бардыда атың аяғы тайып құлады келіп. БАсы судан қылтиып қырсық жануар тұрмайды. Бұндайды көрмеген қыздар шыңғырып жатыр. Судың ортасында тұрық. Бір суға батып жатқан Титаник боларма қыздар суға кететіндей шыңғырады. Шыдай алмай кеттім. Аяқкиімен суға секіріп түстімда өзімше Досымның қызы яғни келін болып келе жатқан қызға «кел көтеріп шығарамын» дедім. ОЛ қорқа- қорқа келісті. Өзімше көтеріп келем суды былш-былш басып. «Қыз ауырма тұз ауырма» деген сөздің сонда түсіндім. Шалшықтың шетіне жетем дегенше қолым талып барады тәлтіректеп келемін. Біркезде шетіне жете бергенде аяғым тайды да қызды үстаған күйі суға құлап түсім.Мен қыздың үстінед қыз батпақ судың астында сүңгіп жатыр. Тізерлеп, еңбектеп шықтық әйтеуір жағаға. Жайықтың суына малтығандай бар мүшеміз су-су болды. Қыз мені орысшалап боқтап жатыр. Одан жігітімен ұрысты «Мені қандай тупикке алып келдің кетем үйіме» деп. Асқар досым саспайды ақырынғана күліп «бара ғой егер баралсаң» деп қояды. Амалы құрыған қыз амал жоқ үсті басы малмаңдай ауылға кірді бізбен бірге.Ауылдың иттеріне дейін шулап қарсы алып жатыр. Кішкентай балалар «Асқар аға келін алып келді сүйінші» десіп шапқылап жүр. Ауылдың орталығындағы Асқардың үйінің маңында ауылдың барша адамдары абыр-сабыр болып жатыр. Тұнған кемпірлер. Қолдарында бір-бір табақ. Онысына толтырып құрт салып алған шашу шауға ыңғайланып тұр. Ойлап қоямын мынасы нес шашуға құрт салып алғаны несі кәмпит салмайма? деп. Бірақ ауылда қайдағы кәмпит. Бізді көре салысымен табақ ұстаған әжелер лап қойды. Қыздардың зәресі кетті. «Что они сабирется деолат?» деп сұрап жатыр. «А обича сондай» деп жауап берем. Біркезде табақ ұстаған әжелер қатып қалған құрттарын жауқа лақтырғандай жіберді келіп. Қатып қалған бір құрт келін болып түскелі келе жатқан қыздың мандайына тарс ете қалды байғұс «мамалап» отыра кетті. Мен кәдімгі бір соғыста бомбадан қашып жүрген жауынгер ұқсап екінші дос қыздың үстін секірдім. Ол бишара етпетінен түсті. Құрттар зың-зың етіп бас,құлаққа тиіп жатыр. Бір кемпір келіп «ей ұятсыз тұр қыздың ұстіне мініп алғаны несі а?» деп бүйірімнен таяғымен бір салды. Жалма-жана атып тұрдым. Ана жақта екі келіншек келін болатын қызды қуып жүр, ол байғұс ісіп кеткен шекесін ұстап қашып жүр (қасқырдан қашқан қоян ұқсап) Жеңгейлер бұзау қуып жаттықан ғой. Келінді сирағынан ұстап қойды жыққандай жалп еткізіп басына орамалыд орап екі қолын қайырып үйге зып еткізді. Бізді де үйге қуып тықты.
Жалпы айтқымыз келгені қазақ халқы тым қарапайым. Әрі дархан, кеңпейіл ғой.

26 пікір
Мен жәй, сені мұғалім деп естігем.
Комедия десе комедия, дайын сценарий ғой))))