Сағындым Туған жерімді!
Анамның аяулы ажарындай, Әкемнің қатулы қабағындай, Алыстан көзіне жас алатын, Әпкенің мейрімді жанарындай. Сағындым Туған жерімді! Күмбірлеп, домбыра күйіндей, Аққудың сызылған биіндей. Алаңсыз көшеде жүгірген, Бөбектің күнәсіз түріндей. Сағындым Туған жерімді! Таулардан сарқырап бұлағы, Елтіген бойыңды жыр әні. Ғашықтан сыр айтқан жұлдызы, Қуатты күнінің шуағы....