"Молоко! Сметана! Творог!" немесе "Хабар" кинопрокатқа фильм шығарды

Осыдан біраз бұрын (қателеспесем осы қыста) «Хабар» телеарнасында «Молоко! Сметана! Творог!» атты комедия көрсетілген еді. Сол фильм бүгін (04/07/2021) үлкен экранға кинотеатрларға, көрермендерге аттанбақ. Егер аталмыш фильмнің бюджеті жақсы болса, «Хабар» агенттігі екінші «Қазақфильм» атануы ғажап емес.

«Молоко! Сметана! Творог!» фильмі комедия жанрында түсірілгенімен ішіңізді ұстап, домалана күлуді күтпегеніңіз дұрыс. Фильм режиссері Эля Гильманның айтуынша, бұл фильм отбасыңмен тамақтанып отырған кезде қарайтын «жәй» ғана түсірілген фильм болған. Басты рөлдерді Дастан Шакиров, Линда Нигматуллина, Гүлнәр Силбаева, Дәулет Әбдіғапаровтар сомдаған.

Фильм сюжетінің ұйқасуы мен оқиғаның шиеленісуінде қиыспайтын көптеген нәрселерді байқадық. Банктегі жетекші қызметкер мен ауылдағы қарапайым ауыл қызының орындарын мистикалық жолмен ауыстырған сәтте жеті нанды басты құрал ретінде пайдаланғанымен, ол жерде мистикалық байланысты көрмейміз. Осы жерде ұтқыр шешім бола алатын идея керек еді.

Телеарнадан көрсетілетін фильм болғанның өзінде көптеген кемшіліктер байқалады. Үлкен экранға жол тартқан сәтте фильмді толықтырып, сюжеттерді сәтті қиюластыру жетіспейді. Сосын қазақша сөздердің дұрыс айтылмауы фильмнің сиқын бұзып тұр. Филм түсірілерден бұрын әрбір эжпизожд толыққанды тексерістен өтуі тиіс еді. Мәселен ауыл қызының психологиясы толық ашылмаған. Гриммнің сәтті жасалуы ғана кейіпкердің обьразын ашып тұр. Психолгиялық тұрғыдан зерттелмеген фильм, сараптан өтпеген үлкен экранға жолдама алғанның өзінде де көрерменнің сұранысын қанағаттандырмайды.

Сиыр саууды үйренген Линда Нигматуллина барлық қыздардың сиыр саууды үйренгендерін құптайтынын жеткізді тұсаукесер барысында. Қаланың қыздары сиыр саууды көру үшін, ал қалғандарымыз патриот болғанымыз үшін «әйтеуір отандық кино ғой» деп баруға тұрарлық.

2 пікір

avatar
  • Jako
  • 0
Барады, көреді біздің жастар, оларға қандай кино болса да бәрібір.
avatar
  • ZevsKO
  • 0
Менің ойымша бармайды. Десе де "үмітсіз шайтан"
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.