Хын хау ғой (Бәрі жақсы)

Ойнап куңфу, жедім дуфу жырғап-ақ, (дуфу – бұршақтан жасалған тағам, көкеніс)
Өтті дәурен бәнжаңдықпен сырғанап. (бәнжаң – старосты, орынбасар, екінші қол)
Сағындрып ұшықтаған тыфуын,
Қызыл лазы асқазанды тырналап. (лазы – перец)

Қазақ едім, хаса болып аталдым, (хаса – қазақ)
Шыфуыңнан ұрыс естіп қамалдым. (шыфу – ұстаз)
О хау, ни хау! Шың хо жынды хын хау ғо! (Мен жақсы, сен жақсы! Өмір рас жақсы ғой!)
Аңсап өттім жусан иісін даланың…

Қара қазақ руын сұрар қазбалап,
Сары болсаң орыс ұқсап жазалап,
Қытай бірден: «Ни шы ды хау бу хау?» дер? (Ни шы ды хау бу хау? — Тамағың тоқ па?)
Тыныш жатып тынықсаң да мазалап.

Қазақ текті тіл ұмытпас таяуда,
Асуларды асып жүрді жаяуда.
Орыс сызып бөлгенбеді Шынжаңды?
Құлақта тұр: Шың сәй, бәй сәй бу яу ма? (Шың сәй, бәй сәй – көкеністер, бу яу ма – керек пе?)

Қытай жеп жүр май ағызып машаңзы, (машаңзы – қазы қарта)
Алай-бұлай тең түсерлік таразы.
Момын қазақ кейде болар қу қазақ,
Күледі найман болып қисық көздің баласы…

Жағып тіске кеміріпті нәйгыда, (нәйгыда – құрт)
Оны білген қазақ атам баяғыда.
Кеңшілікті беріп бізге Мау зы дуң,
Сөннәйзіні қанып ішіп оянды да. (соннәйзі – айран)

Қазақ қалмас үйренді ғой сынжаңды, (сынжаң – дәрілік шөп, тамыр)
Ішіп жуңий салып езу ыржаңды. (жуңий – Қытай халық емі)
Ине шаншып сасып жүрміз иірмен, (иірмен (қазақша) – шөп, ыстық өткізу арқылы емдеу түрі)
Етсіз де жеп куайзымен шөп шалаңды. (куайзы – сапқы)

Қытайдың бір күлдіргеші Жаубінсаң,
Қалжың жұқты оларға да сыйлап сән.
Табақ көріп жырғап күліп қаламыз,
«Базар жоғы» қалжың төгіп салса ән!
Нұрсұлтаным бірлік туын тікті ғой,
Қазақ аты алтын таққа шықты ғой.
Қой көшейін туған елге! Жайлауға!
Жерді сүйіп жасармын-ау мықты той!!!

Қытайдағы Апамның сөзі…

ТӨРЕХАН Арыстан

7 пікір

avatar
Жақсы жазылған. Маған ұнады.
Сатирик, бауырым, сен Қытайда тұрдың ба?
Жарайсың!
avatar
Ни хау!
Не хабар.)))
avatar
  • Jako
  • 0
Не айтқың келгенін түсінбедім, әлде орыс тілінен кейінгі көретінің осы дегің келді ма? Оралмандар осысымен қорқытады…, бірақ қазақ одан қорықпайды.
Соңғы өңделген уақыты:
avatar
  • Korkem
  • 0
аға, әркімге туған жері, өсекен жері қымбат қой. Керек болса өскен жердің иті де, биті де қымбат! Өлең жақсы жазылған, көңілді-ақ)))
avatar
  • Jako
  • 0
Жоқ, мен Арыстанды түсінбедім-ау деймін…
avatar
Бұл тек шақырту…
avatar
  • aitaber
  • 0
хехе, прям Қытайды жиі еститін сөздердің барлығы бар екен :) Апаңыз оқып жатыр ма, Қытайда?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.