Коллекционер

Нью-Йорк қаласы. 2086 жыл.
Джек пен Пауло мектеп оқушыларын тасымалдайтын арнайы автобустан түсті. Бағыттары жаңадан ашылған гипермаркет тауарларын тамашалау. Киген киімдері тәртіп бойынша жейделерінің оң тұсында қошқар мүйіз оюы бар мектеп формасы. Автобустан түсісімен құлаққаптарын тағып, әуен тыңдай бастады.
— Раulо, did you hear this melody? (Пауло, сен мына әуенді бұрын-соңды естідің бе?)
— Give to me. The same is a Кіу of Kurmangazy. Better listen this update version. (Қане, тыңдап көрейін. Бұл Құрманғазының Сарыарқасы ғой. Одан да мына жаңа версиясына құлағыңды түрші), деп, өзі тыңдап келе жатқан құлаққабын Джектің құлағына тосты.
— Wow, miraculously! (Вау, неткен ғажап күй!)
Қазақтың заманауи түрде әрлеген осы бір туындысын тыңдап екеуі балпаң-балпаң басып дүкенге де кеп жетті. Олар осы күндері СNN арнасының жарнамасынан түспей қойған таза былғарыдан дайындалған қамшыны гипермаркеттің әр бутигін кезіп жүріп әрең дегенде тапты.
Сатушыдан:
— Excuse me, do you accept a dollar? (Кешіріңіз, сіз доллармен қабылдайсыз ба?)
— Do YOU joke? (Бұл қалжыңың ба? Доллардың құлдырағаны қай заман?)
Амалдары құрыған екеуі осы ғимаратта орналасқан ақша айырбастау пунктіне келді
— Excuse me, aunt. Will you change a dollar on a tеnge? (Кешіріңіз, апай. Долларды теңгеге айырбастайсыз ба?)
— No, (Жоқ) — деп терезесін жауып тастады.
Екі жасөспірімнің бастары салбырап көңілсіз күйде бара жатқанын көрген әлгі:
— Guys, hey, guys. There is an old man. He will change on a tenge. (Балалар, Әй, балалар. Төменгі қабаттың кірер берісінде отырған шал бар емес пе. Сол кісі теңгеге ауыстырып береді.)
Төбелері көкке екі елі жетпей екі бүлдіршін қуана басып әлгі шалды тауып алып, долларларын теңгеге ауыстырып алды. Қуаныштары қойнына сыймай екі жасөспірім кетіп барады. Кенет, Джек артқа бұрылып, таңырқап шалдан:
— Uncle, why to you dollar? (Ағай, сізге доллар не үшін қажет?)
— I am a collector, sonny! (Мен — коллекционермін, құлыным)!

Мынаны да көруге кеңес беремін.

3 пікір

avatar
Керемет! Жасасын Қазақстан!
avatar
Тамаша! Өзің жаздың ба, мынау расымен шедевр ғой))
avatar
Өзіміздікі, өзіміздікі.)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.