Квиллинг & Тоқыма
Сәлем бердік, жамағат! Сіздермен бөлісер қолөнер жұмыстарын қабыл алыңыздар.
Квиллинг — қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жасайтын қолөнер жұмысы.
Сонымен…
Керекті құрал-жабдықтар:
— түрлі-түсті қағаздар (төмендегі жұмысқа қызыл және сары қағаздар керек);
— қағаз желімі;
— қайшы;
— жіңішке таяқша;
— ине.

1. Түрлі-түсті қағаздарды ені 8-10 мм жіңішкелікте қиып аламыз.

2. Квиллингтің бір ерекшелігі — таяқшаға қағазды орай отырып бұйымдар жасау. Мен де осы әдісті қолданып, таяқшаға қағазды орадым. Содан соң, қағазды таяқшадан суырамыз да, сәл босатамыз. Ұшын желімдеп, сәл қысамыз. Сонда бізде тамшы іспеттес форма шығады. (суреттегідей)

3. Сары түсті қағаздан осындай формалардың біразын дайындап аламыз. Енді қызыл қағазды да жіңішкелеп кесіп, жапырақтың қалыбын инелердің көмегімен жасаймыз.

4. Осы қалыпты сары түсті қағаздан жасалған кішкентай формалармен толтырамыз. Реттілікті сақтай отырып, желім көмегімен біріктіреміз.

5. Міне, «күзгі жапырақ» дайын! :)

Жазда ұялы телефонды салатын кішкентай қапшық тоқыған болатынмын. Екіншісін бастап, сол күйі бітпей қалған болатын.

Реті келіп, екіншісін де аяқтадым. Біріншісін тек қызыл түсті жіппен тоқысам, екіншісіне сары түсті араластырдым. Ошым, күзгі «тренд» басталды. :)

Осымен бүгінге қолөнер жұмыстары тәмам. Түсініксіз жерлерін пікірмен білдірейін. Өздеріңізге осындай ұялы телефонға не басқа заттарыңызға арнап қапшық тоқуға болады. Оңай, ыңғайлы, сәнді, бастысы мұндай ешкімде жоқ! :)

13 пікір
дейтін жігіттер қайдасыңдар?