Барлық халықтар сияқты мұсылман елдерінде де тағам мәзірі күнделікті және той жиынға арналған болып бөлінеді. Тағам мәзірі болмасын, дастархан басындағы салт пен тағам дайындау кезіндегі дәстүрлермен жалғасады. Соның ішіндегі ерекшелігі ислам тыйым салған тағамдарды жемеу.
Хадистерде өлген жануардың, шошқаның, сондай ақ Алланы ауызға алмай сойылған кез кклген жануардың етін, қанды тағамға...
Дастарханға барын қойып құрақ ұшқан үй иесінің тағамы ұнамаса немесе кемшілік болса, оны айтып көңілін қалдыру немесе тәбеттің жоғын айтып астан бас тарту мұсылман қауым үшін күнә. Егер дастарханға қойылған ас аз болып, келген қонақтың тәбеті жақсы болса, үй иесі табаққа қолын аз созатын болады. Келген адам, болмаса үстінен түскен қонақ тамақтан алу керек. Болмаған жағдайда не судан ұрттап не...
Мұны кей жерлерде "үй көрсету", «есік ашар» деп те атай береді. Бұған тек ылғи бәйбішелер келеді.
Ниеттері жаңа түскен келінге шашу шашып, құтты болсын айту.
Шашудың сыртында өңір әкеледі. Өңірге киім, бұйым, қымбат заттар әкеледі. Терме бау немесе «жас төсекті басқалар басынбасын» деген ниетпен бүркіттің тұяғын, үкі іледі. Бұлардың бәрі отау үйге қажетті, өңін ашатын нәрселер....
Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата ананың еңбегі елеусіз қалмаған.
Той үстінде күйеу бала енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі.
Бұған міндетті түрде түйе, жағалы киім, немесе қымбат бұйым, ер тұрман, қымбат зат береді. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын беріп, қыз бен жігіттің қолын алып, екеуін қосады.
Жастар шаңырақ құрып, бөлек шығып, үй болғанда немесе біреу жаңа үй салғанда жақындары, туыстары келіп, үйдің босағасына май жағады.
Бұл салт«осы үй берекелі, майдай жұғымды, қонағы көп болсын, сырт көзден аман, көптің үйі болсын, тіл көзден аман болсын» деп ырымдайды.
Босағасын майлаған адамға үй иесі сй сияпат жасап, кәдеге қарық болады.
Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң, келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен, яғни құрдас жігіттермен ата енесінің үйіне келеді. Мұны «есік ашар» дейді.
Ел жұрт бұрын көрмеген күйеу баламен танысады. Сынайды. Есік ашардың түрлі кәделері бар.
Әзілқой жеңгелер мен балдыздары күйеу баламен ойнап, сынаққа алып, тексереді.
Ойын тойсыз, әзілсіз қазақ ауылы үшін күйеу...
Қазақ халқында адамның алдын кесіп өтпей, оған жол береді. Үйге кіргенде орнынан тұрып, төрге отырғызады. Аң аулап, жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарып, олжаның алғашқысын иемденеді.
Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені үлкен адамдарға да әр істе жол береді.
Бірінші өзіңнің алдында үлкен кісі сөйлеп, санаспай жол беріп, дауласпайды.
Мұның бәрі жоралғы боллып саналады.
Қаз тәрізділер түріне жататын үйректұқымдасына жататын сыбырлақ аққу жазық аймақтарындағы су айдындарында көптеп кездеседі. Олардың саны сұңқылдақ аққуларға қарағанда өте көп. Денесінің ұзындығы 180см, қанаты 70, жайып жібергендегісі 26см жетеді. Құйрығының ұзындығы 18см, салмағы 13 кг.
Жүзген кезінде мойны иіліп, денесі созылыңқы, тұмсығы тік, жалпақтау, ұшқан кезінде дыбыс шығармай,...
Құда түсіп, уәде пісіп, қалыңмал төлеген соң, күйеу жігіт атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы "қынаменде" деп аталады. Бұл әр жерже түрлі аталады. Кей жерде "қалыңдық ойнау", "ұрын келу" деп атайды. Қыздың жеңгелері мен жастар үшін бұдл бір той десе де болады. Болашақ күйеу бала қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, қараңғы түсе келеді. Осы жолы...
Ұзатылатын қыз өз босағасынан аттанар алдында ағайын туыстарын аралап шығады. Жеңгесін ертіп, ағайындарын аралап, жүрген қыз жәй жүрмей, өзінің балалық дәурені, оң жақта бұлғақтап өскен бақытты күндердің өткендігін, өзін мәпелеп өсіргеен ата анасының, туған туыстарының еңбегін өлеңмен айтып, өксиді. Бұндай өлең жырды сыңсу дейді.
Мысалы;
… Келіп кетіп жүріңдер,
Сағындырмай туысқан…...